Басты бет » Біріктірілген оқу-ғылыми зертхана

Біріктірілген оқу-ғылыми зертхана

Ғылыми-тәжірибелі зертхана СММУ-дың құрамына кіреді. 1976ж ол Семей медицина институтының кафедрааралық тәжірибелік зертханасы болып қаланды. Бірінші басшы Е.Н. Шатский болды.

1990 ж. Каз.ССР денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша зертхана орталық ғылыми зерттеу зертханасы болып өзгертілді (ОҒЗЗ), қоршаған ортаның адам ағзасына зиянды факторлардың әсер етуінен мақсаты бойынша зерттеу өткізілді.

Әр жылдарда (ОҒЗЗ): 24.09.1990ж.-18.02.1994ж. – м.ғ.д. Ш.Б.Садыков, 18.02.1994ж.-01.11.1994ж.-м.ғ.д., профессор В.И.Кравцов. 01.11.1994ж. бастап ОҒЗЗ-ның жұмысын м.ғ.к., доцент Г. А. Недостоева басқарды.

1996ж. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен БОҒЗ жойылды. Осы базада қайтадан кафедрааралық тәжірибелік зертхана құрылды, 2007ж. наурыз айында ғылыми-тәжірибелік зертхана болып атын өзгерті. С 1994-2008ж зертхананы зертхана меңгерушісі м.ғ.к., доцент Г.А. Недостоева басқарды.

2008ж. 27 қарашада ғылыми-тәжірибелік зертханасы біріктірілген оқу-ғылыми зертхана болып атын өзгерті. Біріктірілген оқу-ғылыми зертхана СММУ-дың құрылым бөлімшесі болып саналады, ҚР МЖСБ талабы бойынша студенттерді практикалық дағдыларға үйрету және медицина университетінде жоспар бойынша ғылыми кадрларды қамтамасыз ету.

Университеттің тікелей ректордың басшылығымен, оқу-методикалық және тәрбиелік жұмысының проректоры, ғылыми-клиникалық жұмысының проректорына біріктірілген оқу-ғылыми зертхана өз жұмысын жүзеге асырады.

Семей қ. СММУ-дың біріктірілген оқу-ғылыми зертхана арналған:

- студенттерді қазіргі заманның диагностика және емдеу құрал-жабдықтармен таныстыру;
- МСЖБ-ның келісімімен студенттерді, интернатура бөлімін тексеру және кафедралармен бірге практикалық дағдыларды оқыту және пәннің типтік бағдарламасын көрсету;
- оқытушылар құрамынан, магистранттар, докторанттар, резиденттер сандарының медицина университетінде жоспар бойынша ғылыми кадрларды дайындау; ғылыми гранттарды, мемлекеттік ғылыми тапсырыстарды орындау.
- студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысымен қамтамасыз ету.

Біріктірілген оқу-ғылыми зертхананың негізгі міндеттері:

1. Оқу процесінің ұйымдастырумен таныстыру, кафедралармен бірге зертханаға және функционалдық диагностикаларға, қазіргі заманға сай құрал-жабдықтармен практикалық дағдыларды тапсыруды жоспарлау.
2. Университте тақырыптық жоспармен тапсырысқа сәйкес келетін БОҒЗ-да ғылыми зерттеуді өткізу, ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруды жоспарлау.

3. Ғылыми-әдістемелік зерттемелерді ұйымдастыру және өндеу, оқу, ғылыми және әдістемелік жұмысты мүлтіксіз бағыттау.

4. Қазіргі заманға сайкес оқу процессін жаңартуына қатысу, университеттің біліми қайраткерлік стратегиясын дамыту.

Біріктірілген оқу-ғылыми зертхана басшысы – Н.Е. Аукенов в 1999 ж. Семей мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірді. Жұқпалы ауру кафедрасында ассистент болып жұмыс атқарды. 2011ж. қыркүйек айында біріктірілген оқу-ғылыми зертхананың басшысы болып тағайындалды. Бөлімдердің жұмысын және студенттерді оқытуға кафедралардың қызметкерлері және Медицина орталығының дәрігерлері: ішкі ауру пропедевтика кафедра оқытушы – Кайдарова С. Б. , ішкі ауру кафедра ассистенті – Темиртасова Ж.О., калыпты физиология курсының аға лаборант – Сатбаева Р.Ж., тамақтану және гигиеналық тәртібінің оқытушысы – Бейсенгазина М.Б., Медицина орталығының бактериологиялық зертхананың дәрігер-лаборанты – Ахамбекова Г.Т., биохимия және химия тәртібінің кафедра оқытушысы – Шаймарданова М.М., Медицина орталығының функционалды диагностика бөлімінің дәрігері  – Абайханова Ф.И.      

Зертханада алты бөлім бар, құрал-жадықтары әр-түрлі базаларда орналасқан:

1. Биохимиялық бөлім
2. Морфологиялық бөлім
3. Гигиеналық бөлім
4. Физиологиялық бөлім
5. Микробиологиялық бөлім
6. Иммунологиялық бөлім

Барлық бөлімдер қазіргі заманға сай құралдармен жабдықтандырылған, диагностикалық-зертхананың зерттеулеріне арналған, қазіргі заманға сай клиникаларда орындалады.

Микробиологиялық бөлімде микроорганизмдерді анықтау құралдарымен жабдықталған. Биохимиялық бөлімінде қазіргі заманға сай құралдар бар, онда клиникалық және биохимиялық талдаулар орындалады. Физиологиялық бөлімінің құралдарында ішкі мүшелері ауруының функционалдық диагностикада өткізіледі. Гигиеналық бөлімінің құрал-жабдықтары жұмыс орнының жалпы санитарлық-гигиенаны тексеруге арналған. Морфологиялық зертханада гистологиялық және жаңа қатырылған мүшелердің кесіктерін дайындау, сандық мүмкіндіктері бар құрал-жабдықтардың көмегімен анықтау және суреттерді сақтау.

БОҒЗ қызметкерлерінің негізгі қызметі:

1) Қазіргі заманның медициналық мүмкіндігімен студенттерді кафедралармен бірге негізгі ұстаным бойынша оқыту (зерттеу және функционалдық диагностика).

2) Магистранттардың, докторанттардың, резидеттердің ғылыми зерттеулерінің тапсырыстарын орындау (тәжірибелік және клиникалық биохимия, иммунологиялық талдаулар, гигиеналық, морфологиялық препараттарды дайындау, аурулардың функционалдық диагностикасы).