Басты бет » Стоматологиялық пәндер кафедрасы

Стоматологиялық пәндер кафедрасы

Стоматологиялық, факультетін ашу туралы шешім стоматологияның ғылыми жэне тэжәрибелік  жағынан дамуына карамастан, Шыгыс аймактарда дәрігерлік мамандарды дайындаумен медициналык училище шуғылданған. Жоғаргы білімді дәрігер-стоматологтар бөлуіне байланысты Алма-Аты, Карағанды, Ресей жэне Украин қалаларынан (Москва, Полтава, Чита, Пермь және т.б.) жіберілген.

Стоматологиялык мамандарга кажеттілікті ескере отырып 1991 жылы Семей каласында стоматологиялык факультет ашылған. Семей мемлекеттік медициналық институтында стоматологиялық факультетті ашу туралы сұракты ректор профессор Т.К. Раисов көтерген. Өз ара бipiгy аркасында 1991 жылы кантар айында Білім министрлігінің 01.01.1991 жылы «Стоматологиялык факультетті ұйымдастыру» №128 бұйрыгы негізге ала отырып Семей мемлекеттік медицина институтында стоматологиялык факультет ашылган. Кафедраның клиникалык базасын ұйымдастыруға КР бас стоматологы О.М. Мырзабеков, ҚР бас балалар стоматологы профессор Т.К.Супиев, АММУ стоматологиялық факультет деканы орынбасары доцент З.К.Курмангалиев, СММИ рек­торы Т.К. Раисов ат салысқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Стоматологиялык емхана директоры болып И.М. Карыбжанов тағайындалған. 1991 жылдың қыркуйек ай­ында хирургиялық стоматология кафедрасы (менгерушісі-доцент З.К.Курмангалиев) аймактық клиникалық аурухананың бет жак хирургиясы базасы негізінде құралган, терапиялык стоматология кафедрасы (мeңгepyшіci - доцент Копбаева М.Т.), ортопедиялык стоматология кафедрасы (мeңгepyшіci - доцент Сыдыгалиев К.М.) ұйымдастырылған. Факультет деканы болып м.ғ.д. профессор Д.Е. Жаныбеков (калыпты анатомия кафедра мeңгepyшіci) тағайындалды, факультетке 10 жыл аралыгында жетекшілік eттi. Факультеттің  калыптасуына калалык стоматологиялык мекемелер жетекшілері ат салысты: калалык балалар стоматологиялык емханасы (бас дәрігер Р.Х.Садыков), бет жак бөлім хирургиясы (мeңгepyшіci Л.Л. Брюханова). Факультеттің педагогикалық институт түлегі- Ш.Ш. Абралина, Алма-Аты мемлекеттік медициналық институт түлектері- Д.М. Сулейменева, Н.Б. Хайдарова, Г.С. Абылкаирова, Г.Л. Касенова, Карыбжанов И.М., Сыздыкаева С.М., Тилеубаева А.С., Г.Т. Ахметова, К.Г. Габдуллин, Е.Е. Шынгаев, Қарағанды мемлекеттік медициналық институт түлектері- Л.М. Садвокасова, Р.К. Пшембаева, С.К. Кабдыканов.


 

Қазіргі кезде стоматологиялық пәндер кафедрасы құрамына терапиялық, хирургиялық, ортопедиялық және бала жасындағы стоматологияны біріктіреді. Кафедра құрамында 13 ПОҚ бар, олардың ішінде  6 ғылыми дәрежеге ие  – кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Абралина Шолпан Шагатаевна, оқу ісі меңгерушілері – м.ғ.к., доцент Сулейменева Дана Мукашевна және  м.ғ.к. Садвокасова Лязат Мендыбаевна, доцент Хайдарова Нуржанат Бидахметовна, м.ғ.к. Берекенова Гулнар Абубакировна, м.ғ.к. Ахметов Съезбек Рахышевич. Ассистенттер– Сыздыкаева Сайрангуль Махмутовна, Карыбжанов Исайн Манапович, Токанов Тимур Мухамедканапиянович, Пшембаева Роза Кенжебаевна, Кабдыканов Сымбат Камелханович, Абылкаирова Галия Сейтказиевна и Касенова Гулжан Лесбековна, магистранттар Саимова Айсулу Жумабаевна, Нуртанова Асель Мусаевна, Абралина Анар Чингистаевна.