Басты бет » Орыс және шет тілдер кафедрасы

Орыс және шет тілдер кафедрасы

Орыс және шет тілдері кафедрасы жоғары оқу орнының ашылған күнінен бастап жұмыс жасап келеді. Кафедра тарихы 1953 жылдан басталады және өзінің даңқты дәстүрі қалыптасқан. Семей медициналық институты ашылғаннан бері шет тілдері кафедрасы ұйымдастырылып, ағылшын, неміс, француз,орыс және латын тілдері бойынша жұмыс жүргізіле бастады. Кафедра өзінің қалыптасу кезеңдері барысында түрлі өзгерістерді өткерді.

Кафедраның алғашқы меңгерушілерінің бірі болған аға окытушы Р.Ф. Зайцева (1953-1977 жж.), доцент О.А.Пальгов (1977-1979жж.), доцент Л.Т. Баженов (1979-1992жж.) кафедраның қалыптасып, дамуына айрықша үлестерін қосты. Олардың әрқайсысы педагогикалық шеберлікті еркін меңгерген, жоғары мамандықты игерген жарқын тұлғалар болды.Одан кейінгі жылдары кафедра меңгерушілері болған аға оқытушы О.А.Әділханов(1980-2009жж.), п.ғ.к.,доцент Б.Т.Ақжалов(1992-2013жж.) кафедра жұмысын одан әрі жалғастырды.

Әр жылдары кафедрада жұмыс істеген Г.И. Бешева, Л.П. Воронина, И.М. Брысина, Я.К. Кортунов, В.В. Жарикова, П.С. Оралбаева, Ж.Х. Смағұлова,  О.А. Әділханов, Н.И. Казарина, М. Василенко, Т.Ф. Ивашина, Р.Ж. Кошкимбаева,  У.А. Башеева, Т.В. Макарова, Т.Г. Косарева, Т.В. Бакшецкая, О.А. Мұстафинова, Р.Ж. Жанғұлова, Г.Ж. Исмағұлова, Г.К. Смағұлова, А.К. Еленова, Т.Я. Лопатина, Р.А. Раисова, Г.Ж. Бабжанова  (шет тілдері курсы), А.Д. Кутякова, Г.Г. Плотникова, Т.Ф. Ивашина,Т.В. Бакшецкая, О.А. Мұстафинова (латын тілі курсы), Р.Б. Энтина, Г.К. Ұлтарақова, Л.Л. Комиссарчук, Ж.Ж. Қасенова, С.Е. Батырханова, Ш.О. Искакбаева (орыс тілі курсы) сияқты оқытушылар кафедра тарихынан ойып орын алады.

Орал Абдулғалымұлы Әділханов сияқты бүгінгі күнге дейін ұстаздық етіп жүрген кафедраның алғашқы оқытушылары – өз ісінің шеберлері.  О.А. Әділханов 1964 жылы Алматы қаласында шет тілдері институтын бітіріп, 1969 жылы Семей медицина институтында ұстаздық жолын бастаған. 1980 жылдан 2009 жылға дейін шет тілдері кафедрасының меңгерушісі болған.Ұзақ жылдар бойындағы еселі еңбегі үшін О.А. Әділханов ССРО денсаулық сақтау Министрінің алғыс хатымен, ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің Құрмет грамотасымен, ШҚО әкімінің  Құрмет грамотасымен, «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі»төсбелгісімен және «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.  Көп жылдары медициналық институт қызметкерлерінің, профессор-оқытушылық құрамының кәсіподақ комитетін басқарған.

Бейсенбек Тоқтарбекұлы  Ақжаловтың еңбек жолы 1985 жылдан  2013 жылға дейін Семей медицина университетімен  байланысты.Ол комсомол комитетінің хатшысынан бастап, кафедра меңгерушісі болған.2012 жылы Семей қалалық маслихатының депутаты болып сайланды. Қазіргі уақытта Семей қалалық маслихатының хатшысы. Ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін Б.Т. Ақжалов мемлекеттік ұйымдардың медальдармен, Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен,  «ҚР білім саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

2013 жылдан осы уақытқа дейін орыс және шет тілдері кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарып жүрген Гүлшат Мұратқазықызы Әлина кафедрада қалыптасқан жақсы дәстүрлерді жалғастырып келеді. Кафедрада оқу-әдістемелік саласын жетілдіруге, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын жандандыруға, ұстаздардың өз мамандықтарын жетілдіріп, педагогикалық шеберліктерін арттыруға айрыкша көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта кафедрада 17 штаттағы оқытушылар мен 2 зертханашы жұмыс жасайды.


 

Кафедра қызметкерлері орта мектептердегі жоғары сынып оқушылары мен қаладағы жоғары оқу орындарының тіл білімдерінен тыс мамандық студенттерінің арасында өткізілетін олимпиада сияқты жоғары деңгейдегі қалалық іс-шаралардың ұйымдастырушылары, бастамашылары болып келеді. Кафедра оқытушыларының жетекшілігімен жоғары оқу орнының студенттері республикалық, облыстық, қалалық конференцияларда неше дүркін жеңімпаз атанып, жүлделі орындарды иеленуде. Кафедрада түрлі клубтар мен үйірмелер жұмыс жасайды. Республикалық үш тұғырлы тіл бағдарламасы бойынша да үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Кафедра оқытушылары жыл сайын қайырлымдылық акцияларына қатысып отырады. 

Кафедрада атқарылып жатқан барлық іс-шаралар бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған. Оқытушылар сабақтарында қазіргі заман талабына сай бағдарламаларды, компьютерлік технологияларды жиі пайдаланады, оқытудың инновациялық оқу-әдістемелерін қолданады.

Кафедра құрамы: кафедра меңгерушісі–ф.ғ.к.Г.М. Әлина, орыс тілі курсы бойынша оқу ісіне жауапты - С.А. Рахымжанова, ағылшын тілі курсы бойынша оқу ісіне жауапты - Ж.А. Мұхаметжанова. Кафедраның  штаттағы оқытушылары:О.А. Әділханов, Б.О. Оразғалиева, А.Е. Берікханова, Ж.Қ. Жайрбаева, Г.А. Жұмаева, Р.Д. Рымбаева, К.С. Төлеубаева, Ж.М. Жүнісова, Ж.М. Елеукенова, Л.Е. Матина, З.А. Какимова (ағылшын тілі курсы), Г.Б. Егеубаева, Ж.М. Құдайбергенова, Қ.М. Белеуханова, М.Т. Есімханова (орыс тілі курсы). 2017-2018 оқу жылында кафедра құрамы жас оқытушылармен толықты. Кафедра зертханашылары А.О. Есілқанова, А.Ы. Қасымханова.

Орыс және шет тілдері кафедрасында «Ағылшын тілі», «Кәсіби ағылшын тілі», «Орыс тілі», «Кәсіби орыс тілі» пәндері оқытылады.

Кафедра меңгерушісі: филология ғылымдарының кандидаты Гүлшат Мұратқазықызы Әлина. 1992 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетін үздік бітірді. 1999 жылдың 1 желтоқсанында Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде  филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғады.Семей қаласының жоғары оқу орындарында факультет деканы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Кафедра жетістіктері: Кафедра оқытушылары жемісті еңбектері үшін   бірнеше мәрте алғыс хаттармен, мақтау қағаздарымен және төсбелгілерімен марапатталған.

2017 жылы кафедра меңгерушісі Г.М. Әлина «Үздік кафедра меңгерушісі», «Үздік тәлімгер» номинацияларының жеңімпазы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сол жылы ағылшын тілі пәнінің оқытушысы А.Е. Берікханова  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің алғыс хатымен марапатталды.

Семей мемлекеттік медицина университетінің жыл сайынғы рейтинг қорытындысы бойынша «Үздік оқытушы» номинациясында кафедра оқытушылары С.А. Рахымжанова, Г.Б. Егеубаева, Ж.М. Құдайбергенова, Қ.М. Белеуханова, «Үздік куратор» номинациясында С.А. Рахымжанова,  Г.Б. Егеубаева,  Ж.М. Құдайбергенова, Қ.М. Белеуханова, Б.О. Оразғалиева, Ж.Қ. Жайрбаева,  К.С. Төлеубаева, Ж.М. Елеукенова әр жылдары марапатталған.

Халықаралық байланыстар: Кафедра шетелдік профессорлар сапарларының бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында SES ұйымымен бірлесе жұмыс атқарып, ағылшын тілін үйрету әдістемелерін меңгеруде жедел көмектер ұсынып отырады. Осындай іскерлік байланыстар нәтижесінде ағылшын тілінің маманы Штотц мырза шет тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға және университет оқытушыларын IELTS халықаралық емтиханын тапсыруға дайындау үшін жыл сайын келіп отырады.