Басты бет » Тағамтану және гигеналық пәндер кафедрасы

Тағамтану және гигеналық пәндер кафедрасы

Жалпы гигиена және эпидемиология кафедрасы (кафедра меңгерушісі – доцент Токанова Ш.Е) мен тағамтану және гигиеналық пәндер кафедра (кафедра меңгерушісі – к.м.н. Кембаева К.У.)базаларының бірігуі нәтижесінде 2012 жылы тағамтану және гигиеналық пәндер кафедрасы құрылды.

Кафедра меңгерушісі – м.ғ.к., профессор Токанова Шолпан Ергалиевна

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы:

м.ғ.д., профессор Н.Ж.Чайжунусова, м.ғ.к., доцент Токешева Ш.М.;аға оқытушылар: м.ғ.к. Кембаева К.У., б.ғ.к.Довгаль Г.Д., м.ғ.к. Ибраев С.С., Турдунова Г.К., оқытушылар:  м.ғ.к. Голубев П.Г., м.ғ.к. Кулабухова Н.С., Пономарева Р.С., Бейсенгазина М.Б., Фролова Н.Н..магистр Темиржанова А.Е., Аубакирова К.Ж., Темирбекова Б.Э., Бачевская Е.С., магистр Нуртазина С.К., магистр Бегжигитова А.А., магистр Алтынбекова А.А. 2011 жылы «Медико-профилактическое дело» іс мамандығы бойынша магистартура ашылған. Кафедраның алғашқы магистрлары:  Нуртазина С.К., Бегжигитова А.А., Алтынбекова А.А., Курмангалиева Л. В. Қазіргі таңда 2-ші оқу жылының магистранттары - Касымова А., Калиева С. Және 1-ші оқу жылының магистранттары –Амантаева Г., Досымханова А. білім алуда.

Жалпы гигиена кафедрасы, яғни алғашқы гигиена кафедрасы 1955 жылы доцент А.Е.  Лошактың жетекшілігімен негізделген. Алғашқы оқытушылар құрамы: доцент Г.М. Макулова, м.ғ.к. В.П.Карслянс.

1960 жылдан 1980 жылға дейін кафедраны доцент Г.А. Рыжков басқарды, ол көп жылдар емдеу факультетінің деканы және оқу ісінің проректоры міндетін атқарды. Сол кездерде оқытушы коллективін м.ғ.к. Ш.Е. Токанова, м.ғ.к. Ж.Б. Базарбеков, ассистент А.Н. Гладинец толықтырды. 1980 жылдан 1985 жылға дейін кафедраны м.ғ.к. доцент М.П. Кирпичев басқарды. 1985 жылдан 1995 жылға дейін коллектив жұмысына м.ғ.к. профессор В.Б. Капитульский жетекшілік етті, ол еңбек гигиенасының мәселелері бойынша монографияның, 110 басылымдардың авторы. Оның жетекшілігімен 6 кандидаттық диссертация  (П.Г.Голубев, К.Н.Апсаликов, У.С.Самарова, К.У. Кембаева,  Б.С.Бугыбаев) және 1 докторлық диссертация (Апсаликов К.Н.)қорғалды. 1995 жылдан 1998 жылға дейін кафедраны м.ғ.к., доцент Ш.Е. Токанова басқарған.1998 жылдан кафедра жалпы гигиена мен нутрициология, салауатты өмір салтын мәселелерін қалыптастыру курсы деп аталды.

2000 жылдан 2004 жылға дейін курсты м.ғ.д., профессор К.Н. Апсаликов басқарды. Оның жетекшілігімен кафедра аспиранттары М.Р. Мадиева, А.Е. Бопина, О.В. Саматугина,Ш.М. Токешева кандидаттық дисертация қорғады. Қазіргі таңда м.ғ.д., профессор Апсаликов Семей қ. радиациялық медицина және экологиясының ғылыми-зерттеу институтының директоры.

«Медико-профилактикалық іс» факультетінің ашылуына байланысты 2004 жылы курстың атауы гигиеналық пәндер кафедрасы деп ауыстырылды.2004 жылдан осы уақытқа дейін кафедра меңғерушісі – м.ғ.к., прфессор Ш.Е. Токанова.

2007 жылы гигиеналық пәндер кафедрасы базасында 2 кафедра құрылды:

1. Жалпы гигиена және эпидемиология кафедрасы, кафедра меңгерушісі Токанова Ш.Е.

2. Тамақтану және гигиеналық пәндер кафедрасы, кафедра меңгерушісі – доцент Кемебаева К.У.