Басты бет » Физиологиялық пәндер кафедрасы

Физиологиялық пәндер кафедрасы

Патологиялық физиология кафедрасын 1955 жылы доцент Назарова Тамара Александровна ұйымдастырған; 1960 ж. оған профессор ғылыми атағы берілді; 1982 ж. дейін патофизиология кафедрасының меңгерушісі болды; Т.А. Назарова емдеу факультетінің деканы, ғылым бойынша проректор лауазымдарын атқарды. 1963 - 1974 ж.ж. аралығында- Семей мемлекеттік мединститутының ректоры. 25 кандидаттық, докторлық диссертацияларының ғылыми жетекшісі. 1968 жылы оған «Қазақ ССР ғылымының еңбегі сінген қайраткері» құрмет атағы берілді.

Т.А.Назарова қалалық және аудандық Советтердің 9 созывтың депутаты болып сайланды, Қазақстанның Коммунистік партиясының 12 съездінің делегаты болды, көптеген ордендар мен медальдармен марапатталды.

Патофизиология кафедрасында әр жылдарда жұмыс істегендер мен істейтіндер:

Шаймарданов Құбайдолла  Айткалиұлы- кафедраның тұнғышаспиранты. Аспирантураны бітіргеннен кейін, кафедрада ассистент, доцент, 7 жыл бойы емдеу факультетінің деканы болып жұмыс істеді. 1983– 1997 ж.ж. - патофизиология кафедрасының меңгерушісі, 2002 жылы - СММА профессоры құрмет атағы берілді.

«Денсаулық сақтау ісінің үздігіне» , «Еңбек ардагері» медалімен,(1981), және басқа да медальдар мен грамоталарымен марапатталды.

Қасенов  Аманжол Шаншалиұлы- 1960- 1963 ж.ж. аспирант, 1963- 1967 ж.ж. ассистент.1968 ж. қалыпты физиология кафедрасының доценті болып таңдалып, кафедра меңгерушісі болды.

Нұрмұхамбетов Аділман  Нурмухамбетұлы- 1962- 1965 ж.ж. аспирант, 1965 жылдан бастап ассистент, 1972 жылдан бастап доцент. 1975 жылдан бастап С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетінде жұмыс істейді, бүгінгі күнде медицина ғылымының докторы, профессор, патофизиология кафедрасының меңгерушісі болды. Патологиялық физиология бойынша мемлекеттік тілде бес оқулықтың авторы.

Савицкая Любовь  Ниловна – 1963- 1973 ж.ж. кафедра ассистенті болып жұмыс атқарды., 1974 жылы тері және венерологиялық аурулар кафедрасына ауыстырылды, медицина ғылымының докторы, профессор, кафедра меңгерушісі қызметінде болды.

Кравцов  Владимир Иванович аспирантураны бітіргеннен кейін – (1964-1967 ж.ж.) кафедрада ассистент, доцент, кафедра профессоры болып жұмыс атқарды.1997 – 2004 ж.ж. патологиялық физиология курсының физиологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі болды.

1994- 1999 ж.ж. – оқу– тәрбиелік жұмысы бойынша проректор. ҚазССР денсаулық сақтау Министрлігінің құрмет грамотасымен (1985 ж.), Қазақстан Республикасының халқын қорғау ісінде еңбегі сіңгені үшін  “Қазақстан Республикасы деңсаулық сақтау ісінің үздігіне” төс белгімен (1996 ж.). «Қазақстан Республикасының білім беру үздігі» төс белгісімен марапатталды (1998 ж.).

Исмаилов Нусуп  Наутаевич – аспирантураны 1969 жылы бітірген; 1969 жылан бастап кафедра ассистенті болып жұмыс атқарды, кейін Өскемен қаласындағы Аймақтық патология институтында ғылыми жұмысын жүргізді, Талдықорған қаласындағы университетінің профессоры болды.

Садыков Женис Айтмуканович – 1969 жылдан бастап 1972 жылдар аралығында аспирант, содан кейін қалыпты физиология кафедрасының ассистенті қызметін атқарған. Өңірлік патология интститутының Шығыс Қазақстандық бөлімінде жұмыс істеді, «Невада - Cемипалатинск» қоғамдық бірлестігінің облыстық бөлімінің меңгерушісі болды.

Байбурин Мухаметхан Байбуринович – 1967 жылдан бастап 1970 жылдар аралығында кафедра аспиранты; Қазақ ұлттық медициналық университетінің (Алматы қаласы) патофизиология кафедрасының доценті болды.

2004 – 2012 жылдар аралығында физиологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі қызметін Унисьянова Марзия Магавьяновна атқарды. Унисьянова Марзия Магавьяновна – медицина ғылымдарының докторы, профессор. 1989 жылы кандидаттық, 1997 жылы докторлық диссертацияны қорғады. 1999 жылдан бастап 2004 жылдар аралығында қалыпты физиология курсының профессоры қызметін атқарды. 2004-2012ж.ж. патологиялық физиология курсының физиологиялық пәндер кафедрасының       меңгерушісі болды.

Распопина Нина Ивановна – 1971-1974 жылдары кафедра аспиранты. 1975 жылдан бастап кафедраның ассистенті, аға оқытушы болды. 1983 жылдан бастап кафедра доценті. 2004 жылы СММА профессоры атағы берілді. Распопина Н.И. қоғамдық қызметтер атқарды: БРИЗ хатшысы, кәсіптік одақ мүшесі (әлеуметтік сектор), өңірдегі ЖОО-ң ректорлар кеңесінің хатшысы. 1986 – 2009 жылдар аралығында университеттің ғылымдар кеңесінің ғылыми хатшысы болды.

1983 жылдан бастап Қазақстан кәсіптік одағы ХІІ сьездінің делегаты болды. ҚазКСР-нің, ҚР білім және ғылым департаментінің құрмет грамоталарының, «Еңбек ардагері» медалінің иегері. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  “Денсаулық сақтау үздігі” төс белгісімен марапатталды.

Акишпаева Оразбану Тускеновна  - 1975 – 1977 жылдар аралығында патофизиология кафедрасында зерттеуші - машықтанушы; содан кейін молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының аспиранты, ассистенті, доценті.

Жетписбаев Бекболат Адамович – 1979 жылдан бастап кафедра ассистенті; 1990 жылы кандидаттік, 1998 жылы докторлық диссертацияны қорғады. 1998 жылдан профессор, қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі. 2002 жылдан бала емдеу және тіс емдеу факультеттерінің деканы; медико – биологиялық пәндер бойынша проблемалық комиссияның төрағасы. 2005 – 2012 жылдары – оқу, әдістемелік, тәрбиелік жұмыстар бойынша проректор.  «Қазақстан Республикасының білім беру үздігі» төс белгісімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  “Денсаулық сақтау үздігі” төс белгісімен марапатталды.  2012 жылдан бастап физиологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі болды.

Темирбеков Данияр  Абдимомынович – 1980 -1982 жылдары кафедра ассистенті. Биология кафедрасының аспирантурасында оқыды. Қазіргі уақытта доцент, гистология курсына жауапты.

Оралбаев Бакытжан Каметович – 1982-2000 жылдар аралығында кафедра ассистенті, қазіргі уақытта гематология және қан құю ғылыми -зерттеу институтында жұмыс істейді.

Довгаль Галина Дмитриевна – кафедрада 1983 жылдан бастап ассистент, аға оқытушы. Қазіргі уақытта  тағамтану және гигиеналық пәндер кафедрасының аға оқытушысы.

Ильдербаев Оралбек Зайнолданович-1991-1992 жылдары кафедра ассистенті. Биология кафедрасының аспирантурасында оқыды, қазіргі уақытта патологиялық физиология кафедрасының профессоры.

Уразалина Найля Муратхановна -   1983 жылы Семей Мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі мамандығы бойынша үздік бітірді. 1986 жылы патофизиология кафедрасының ассистенті. 1992 жылы «Тәжірибелік трихинеллездің арнайы және патогенетикалық терапиясының иммунологиялық аспектілері» атты тақырыпта кандидаттық диссертацияны қорғады. 1992 жылдан бастап аға оқытушы, 1998 жылдан бастап  патофизиология кафедрасының доценті. 68 ғылыми жұмыстың, 1 рационализаторлық ұсыныстың авторы.

 2008 жылы «Жүрек-қан тамыр жүйесінің патофизиологиясы» тақырыбында қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік құрал жарияланды.  2007 жылдан бастап қазіргі уақыт аралығында кредиттік технология, тіс емдеу факультеті, шет тіл бөлімінің декан орынбасары. 2007 жылы КММА, БКММА, КазММА-да Мемлекеттік Аттестациялық комиссияның мүшесі. 2008 жылы «Мейірбике іс» мамандығы, 2009 жылы ЖМФ (3-курс) үшін пәндерді интеграциялау бойынша, 2010 жылы «Медициналық – профилактикалық іс», 2012 жылы «Қоғамдық денсаулық сақтау», 2012 жылы «Мейірбике іс» бойынша типтік оқу бағдарламаларын құрастырды. Университеттің ішкі аудиторы,  2007-2008, 2008-2009, 2009-2010, 2010-2011, 2011-2012, 2012-2013 оқу жылдарының ПОК рейтингісі бойынша «Үздік доцент» атағының иегері. Медициналық  қызметкер күніне орай (маусым 2008 жыл )  сіңірген еңбегі үшін университет ректорының   және Семей қ. Әкімінің алғыс хатымен,  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  “Денсаулық сақтау үздігі” төс белгісімен марапатталды (2012ж).

Канафина Маржан Музаффаровна 1988 жылы Семей Мемлекеттік медициналық институтқа түсті. 1994 жылы Емдеу ісі мамандығы бойынша үздік бітірді. 1994-1996 жылдары аралығында қалыпты физиология кафедрасының ассистенті. 1996 – 1999 жылдары аспирант, 1999 жылдан бастап ассистент, 2005 жылдан бастап аға оқытушы және патофизиология кафедрасының оқу ісі бойынша меңгерушісі.   

Жагипарова Жанар Амангельдиновна-1996-1999 жылдары аспирант. Қазіргі уақытта Семей ММУ-нің Павлодарлық филиалындағы арнайы пәндер кафедрасының меңгерушісі. 2008 жылдан бастап Емдеу ісі факультетінің декан орынбасары, Павлодар облысының бас аллергологы.

Мадиева Мадина Рашидовна  - 1986 жылы Семей Мемлекеттік медициналық институтына түсіп, 1992 жылы Емдеу ісі мамандығы бойынша тәмамдады. 1993-1999 жылдары дәрігер- терапевт, 1999-2002 жылдары жалпы гигиена және эпидемиология кафедрасының аспиранты. 2002 жылы кандидаттық диссертацияны қорғады. 2003-2006 жылдары Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді, 2006-2010 жылдары физиологиялық пәндер кафедрасының докторанты. 2010 жылы докторлық диссертацияны қорғады. Қазіргі уақытта патофизиология кафедрасының аға оқытушысы.

Кулямирова Жанар Орынтаевна 1980 жылы жылы Семей Мемлекеттік медициналық институтына түсіп, 1986 жылы Емдеу ісі мамандығы бойынша тәмамдады.1986-2010 жылдары аралығында дәрігер-терапевт, эндокринолог, профилактикалық бөлім меңгерушісі, дәрігер-гомеопат. 2010 жылдан бастап патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы. Қазіргі уақытта физиологиялық пәндер кафедрасының оқу ісі бойынша меңгерушісі.


 

 

Терлікбаева Гүлнәр Алімғазықызы 1988 жылы Семей Мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1996 жылы тәмамдады. Мамандығы бойынша –бала дәрігері.2008жылдан бастап физиологиялық пәндер кафедрасындаєы патофизиология курсында оқытушы болып жұмыс істейді. Студенттердің қазақ тілінде оқуында үлес қосып, физиологиялық пәндер кафедрасында тәрбие жұмысына жауапты.

Узбеков Дархан Есенғалиұлы 2002 жылы Семей Мемлекеттік медицина академиясының бала емдеу факультетіне түсіп, 2008 жылы тәмамдады. Интернатураны жанұялық медицина кафедрасында өткен. 2009 жылдан бастап физиологиялық пәндер кафедрасындаєы патофизиология курсында оқытушы болып жұмыс істейді. Студенттердің қазақ тілінде оқуында үлес қосып, кураторлық тобының тәрбие жұмысына жауапты.

Мусаканова Жанар Нурлановна 2004 жылы Семей Мемлекеттік медицина  академиясының медико- профилактикалық іс факультетіне түсіп, 2010 жылы үздік бітірді. 2010 жылдан бастап патофизиология кафедрасында оқытушы болып жұмыс істейді.Куратор, кафедра хатшысы.

Патологиялық физиология кафедрасы СММУ-нің бас ғимаратында орналасқан (Абай к-cі 103). Жалпы ауданы 263 м2. Оқу базасының құрамында: 4 оқу аудиториясы, оқу лабораториясы, ғылыми лаборатория, оқытушылар мен профессорларға арналған кабинеттер, шаруашылық бөлмелер. Оқу процессін ұйымдастыру барысында компьютерлер, принтерлер, видеожүйелер пайдаланылады. Тәжірибелер жасау кезінде лабораториялық құралдар пайдаланылады.

Патологиялық физиологиядан сабақтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Оқу құралдары:

Адамның топтық антигендік жүйелері. М.М. Унисьянова, Семей, 2000 жыл, 40 бет.
Адамның қан жүйесінің НLA-антигендері мен топтық антигендері. М.М. Унисьянова, Семей, 2002 жыл, 102 бет.
Жүрек-қан тамыр жүйесінің патофизиологиясы. Н.М. Уразалина,қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік құрал, Семей, 2008, 58 бет.
Патологиялық физиология пәннен тест-тапсырмалар 1,2,3,4 –бөлім. Профессор В.И. Кравцовтың редакциясы бойынша, аударған доцент Н.М. Уразалина,  Семей қ., 2004ж.

Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары оқу зерттеу конференциялары түрінде келесі тақырыптар бойынша жүргізіледі: Тұқым қуалаушылықтың патологиядағы ролі. Тіндік өсудің бұзылыстары.

Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарына мыналар кіреді: патологияның өзекті мәселелері бойынша баяндамалар дайындау, тәжірибелік жұмыстарды видеожазбаға түсіру арқылы жүргізу, интеллектуальді ойындар мен олимпиадалар өткізу.

Патофизиология курсының тәрбиелік жұмыстары:  студенттердің оқу процессін бақылау, физикалық , саяси, экономикалық тәрбие. Патофизиология курсында жыл сайын Наурыз мейрамына орай кештер өткізіледі. Құқықтық тәрбиеге байланысты жыл сайын студенттер мен құқық қорғау органдарының кездесулерін ұйымдастырады. Нашақорлық, ЖИТС – ты  алдын алуға байланысты пікір таластар өткізіледі.