Басты бет » Патологиялық анатомия және соттық медицина кафедрасы

Патологиялық анатомия және соттық медицина кафедрасы

Патологиялық  анатомия және сот медицинасы кафедрасы 1955-1957 жылдары құрылған. 2008 ж. осы кафедралар  біріктіріліп  кафедра меңгерушісі болып  м.ғ.д., Шабдарбаева Дария Мұратызы тағайындалды (бұрынғы сот медицинасы кафедрасының меңгерушісі(1996 – 2008 ж.)).

1955-2008ж дейін  патологиялық  анатомия кафедрасында әр түрлі бағытта ғылыми  жұмыстар жүргізілді, жұмысқа басшылық еткендер: профессор, м.ғ.к. Таранов Дмитрий Михайлұлы (1955-1965); доцент, м.ғ.к. Фролов Болеслав Федорұлы (1966 – 1976); профессор, м.ғ.д. Черкасский Лев Аркадийұлы (1976 – 1987); профессор, м.ғ.д. Пругло Юрий Василийұлы (1988 – 2003); м.ғ.к. Қалдыбаев Мұслим Мұзаффарұлы (2003 – 2008).

Сот медицина кафедрасы  м.ғ.к., доцент Кидралиев Сапи Қидралиұлы (1957 – 1976); м.ғ.к., доцент Сайлибаев Тұрсун Негматұлы (1976 – 1995), м.ғ.д. Шабдарбаева Дария Мұратқызы басшылығымен жұмыс істелуде (1996 – 2008).

1955-1977 жылдар аралығында  кафедра медициналық институттың морфологиялық корпусында, сондай-ақ Спортивная, Интернациональды көшелеріндегі ғимаратта  орналасқан.  1977 жылдан бастап осы уақытқа дейін патологиялық анатомия кафедрасы Семей қ. ММУ МО мекемесінде (3-сурет), ал сот медицина  кафедрасы ҚР ДСМ СМО Семей  филиалында орналасқан, Сеченов көшесі 3.

Патологиялық анатомия кафедрасының алғашқы меңгерушісі профессор, медицина ғылымдарының кандидаты Таранов Дмитрий Михайлұлы (1895-1965). Кафедра негізін қалаушы. 1955- 1965 жылдар аралығында  кафедра меңгерушісі. Көп жылдар бойы иниституттың оқу және ғылым жұмысы проректоры қызметін атқарды.  Д.М.Тарановпен бірге кафедрада Кох В.К., Ефимов М.Л., Лисункин В.Г., Смирнов В.А., Смирнова А.Б. қызмет атқарды. Алғашқы  диссертанттар Кох В.К., Глумов В.Я., Родионова А.А. болды. 

Патологиялық анатомия кафедрасының екінші меңгерушісі Фролов Болеслав Федорұлы (1928-1980), доцент, медицина ғылымдарының кандидаты. 1966- 1976 жылдар бойы  кафедра меңгерушісі. 50 ғылыми жұмыс авторы.  Онымен бірге  доцент Жумаханова Е.Ж. жұмыс істеді.

1976 -1987 жылдары  кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Черкасский Лев Аркадийұлы (1920-2002) болды, Сол кісінің басшылығымен  16 кандидаттық және 1 докторлық  диссертация қорғалды. 123-тен астам  ғылыми жұмыс авторы. профессор Черкасский Л.А. басшылығымен  доценттер  Жумаханова Е.Ж., Шмунк С.Н., Скороходова Е.А., Ламбина  С.Н., ассистенттер  Башмакова Н.П., Гончарова Т.В., Макаров М.А және басқалар жұмыс істеді. Е.А., Ламбина  С.Н., ассистенттер  Башмакова Н.П., Гончарова Т.В., Макаров М.А және басқалар жұмыс істеді. 

1988 жылдан бастап кафедраны м.ғ.д., профессор Пругло Юрий Василийұлы басқарды (1939 – 2010). Бірге жұмыс істегендер  доценттер Е.Ж. Жумаханова, С.Н. Шмунк, Е.А. Скороходова, профессор Черкасский Л.А., ассистенттер  Д.М. Шабдарбаева, М.М. Калдыбаев, А.Фролов және т.б.. (сурет  8). Кафедраның ғылыми бағытына адамның иммунды және эндокринді жүйелерінің, қалыпты және патология жағдайындағы  функциональды морфологиясы, балалар патологиясы. Ю.В.Пругло басқаруымен Г.М.Горбунова, А.О. Кулмагамбетов, Д.М. Шабдарбаева, М.М.Калдыбаев  кандидаттық  диссертация қорғалды және т.б., К.Н.Муканов – Д.М.Шабдарбаева докторлық  диссертация қорғалды. Қазіргі кезде  Ю.В. Пругло оқушылары бөлімдерді, кафедраларды, университеттерді басқаруда және т.б.  Ю.В.Пругло жаңа ғылыми зерттеу әдістер, электронды микроскопия, иммуногистохимиялық әдістер  еңгізді. Ғылыми және кәсіби атағына атақ даңқына сәйкес америка және жапония әріптестерімен тығыз ғылыми байланыс жасалды.  Кафедра қызметкерлері бірнеше ғылыми халықаралық симпозиумдарға, конференцияларға қатысты (АҚШ және Жапонияда профессор Ю.В.Пругло), Нагасаки қ. университетінде заманауи  морфологиялық әдістемелерді игерді. (ассистент М.Ю.Пругло) және  Хиросима  институтінде радиация әсерінен болған зардаптарды оқып білу (доцент Е.А.Скороходова). Кафедра қызметкерлерінің баяндамалары бұрынғы Совет үкіметі мемелекеттерінің және  шет ел ғылыми форумдарында ұсынылды. (Ресей, Украина, Қырғызстан, Жапония, АҚШ, Франция, Канада).

Сот медицина кафедрасының алғашқы меңгерушісі доцент, медицина ғылымдарының кандидаты Кидралиев Сапи Қыдыралиұлы (1930 ж. туған), 40 астам ғылыми жұмыс авторы, Семей мемлекеттік институттың оқу бөлімінің  проректоры. Сапи Қыдыралиұлы  оқытушы жұмысы мен сараптама жұмысын қоса атқарып жүрді. Барлық  күрделі, комиссионды, қайталама сараптамалар С.Қ.Кидралиевтың алдынан өтті. Кидралиев С.Қ. бірге кафедрада доцент, медицина ғылымдарының кандидаты  Сеитов Н.С.(1957 – 1994) (сурет 10), ассистенттер Иксымбаева Д.С.(1979-1983), Кузнецов В.С.(1975-1979), Вишняков О.Э.( 1976-1977),  м.ғ.к... доцент Токарева О.Г.(1960-1976), Пузанков А.Л.(1968-1969, 1972-1974), Шалаганов Б.Ф. жұмыс істеді. Кидралиев С.Қ. сот медицина дәрігерлердің ғылыми үйымын құрды, онда сот медицинасында кездесетін актуальды теореялық және тәжірбиелік сұрақтар талқыланды,  Сапи Қыдыралиұлының басқаруымен клиникалық  ординатура және интернатура жұмыс істеді. Кидралиев С.Қ. көптеген оқушылары сот медицина саласында жетекші мамандар қызметінде.  

1976 - 1995 жылдар  кафедраны доцент, медицина ғылымдарының кандидаты Сайлибаев Тұрсын Негматұлы басқарды. Кафедра Интернациональная көшесіне көшті. Оның басқаруымен сот медицинасы қазақ жүргізіле бастады. 

1996 - 2008 жылдары сот медицина  кафедрасын м.ғ.д. Шабдарбаева Д.М., сот медицина сарапшы дәрігер және патологоанатом дәрігері жоғары санатты. КафедраҚР ДСМ СМО Семей филиалының  клиникалық базасына көшіп келді, мекеменің 14 этажында орналасқан. Шабдарбаева Д.М. 110 астам ғылыми  публикация, 3 монография авторы, 2- авторлық өнер табуы. Басқаруымен  2 кандидаттық және 1 докторлық  диссертация қорғалды. Семей қаласының сот медицинасы және патологоанатом дәрігерлер ассоциациясын басқарады. Хирургиялық мамандық бойынша  квалификациялық санатты беру, аттестациялық  комиссиясының мүшесі.  1996- 2008 жылдарда бірге істеген  ассистенттер:  В.М. Макаров, Е.В. Никифоренко, А.М. Ушакпаева, Г.О. Адильханов, А.М.Аскаров, Н.Е.Разбеков, Г.М. Шалгумбаева,  м.ғ.к. Н.Б.Саякенов, м.ғ.к. С.А.Апбасова, м.ғ.к. Я.А.Милюшина, И.Ю.Мельникова, Д.С.Иксымбаева, Б.Ф.Шалаганов, Е.У. Джаксыбеков, Л.У.Куандыкова және басқалар. (сурет 12). Кафедрада «сот медицина сарапшысы» мамандығы бойынша  интернатурада оқытылды. Кафедра түлектері ҚР, Ресей, Германияның қалаларында қызмет істеуде және т.б. 2000 жылдан бастап осы уақытқа дейін КЖФ өткізілуде, біріншілік мамандандыру өткізілуде. Кафедра тек тәжірбиелік денсаулық сақтау жұмыс істеумен шектелмей алыс-жақын шет елдерменде тәжірбие алмасуда. 

2008 жылдан бастап  патологиялық  анатомия және сот медицинасы кафедрасының бірігуі болды, кафедра меңгерушісі м.ғ.д. Шабдарбаева Д.М. Осы жылы кафедрада Семей қ. ММУ БОҒЗ морфологиялық зертхана ашылды, оқу және ғылыми мақсатта  қолдану үшін заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді. Оқу үрдісіне инновациялық оқыту әдістемелері еңгізілді. Қазіргі кезде  кафедрада доцент қызметін атқарушылар  м.ғ.к. Н.Б.Саякенов, м.ғ.к. Я.А. Милюшина, м.ғ.к. С.А.Апбасова, м.ғ.к. А.А. Жакипова, ассистенттер А.М. Аскаров, Қ.Ә..Альмисаев, С.Ж.Акемеева, Л.У.Куандыкова, Б.А.Исаханова, Е.У.Джаксыбеков, Г.О.Адильханов, О.Рахимов, У.И.Худякова, Толегенов М.М., Абишев Ж.Ж., Узбеков Д.Е.