Басты бет » Жалпы дәрігерлік тәжірибе бойынша интернатура, дипломнан кейінгі және қосымша білім беру кафедрасы

Жалпы дәрігерлік тәжірибе бойынша интернатура, дипломнан кейінгі және қосымша білім беру кафедрасы

Біздің кафедраның ұраны: бірігіп, топтасып жұмыс істеу

Сәттілік болады қашанда  –

«бәріміз біріміз, біріміз бәріміз үшін».

(кафедра ұраны)

 

Емханалық оқыту және эндокринология курсы бар Жанұялық медицина кафедрасы мынадай тақырып бойынша ғылыми-зерттеулік жұмыстарын атқарады: “Семей сынақ полигонына жақын аудандардың тұрғындарындағы қалқанша без ауруларын скринингілеуді зертттеу”. Орындалып отырған жұмыс “Семей полигоны аумағында тіршілік ететін тұрғындардың денсаулық жағдайы мен реабилитациясы” ГР № 0198 ҚР 00514

СММА негізгі  жоспарының НИР фрагменты болып табылады. Зерттеудің бағытына жатады:

Семей сынақ полигонына жақын аудандардың тұрғындарындағы қалқанша без ауруларын скринингілеуді зертттеу  (профессор Еспенбетова М.Ж.,  ассистенттер  Юрковская О.А., Болеубаева М.Т.);
Ауалы және жер үстілік жарылыстарды басынан өткерген тұрғындардағы қалқанша  бездің қатерсіз және қатерлі ісіктерінің жиілігін зерттеу;
Ауалы және жер үстілік жарылыстарды басынан өткерген тұрғындардағы және сәулеленген ата-аналардан  туған балалардағы гипотиреоздың кездесу жиілігін зерттеу;
Амбулаториялық жағдайда артериальды гипертензиямен ауыратын науқастарды оптимальды емдеудің таңдау жолдары ( кафедра доценттері Керимкулова А.С., Нуртазина А.У.);
Семей аумағындағы сау балалардың перифериялық қанының жағдайы (кафедраның асс.  Терехова Т.И.);
Гепатит В,С,Д үдемелі формаларының жекеленген және микст варианттарының клинико–иммунологиялық сипаттамасы мен салыстырмалы терапиясы (кафедра доценты Курумбаев Р.Р., асс. Хисметова А.М.);
Критикалық жағдайдағы науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсету кезінде Орталық венозды қысым және оның клиникалық маңызы каф.асс.  Дюсупова А.А.);

Кафедра қызметкерлерінің көп бөлігі халықаралық бағдарлама бойынша оқу өтті және  WHO  және USAID ұйымдастырған « Бала жасындағы ауруларды интегрирлеп жүргізу», «Жедел респираторлы және ішек инфекциялары бар балаларды жүргізу», «Жыныс жолдары арқылы берілетін аурулары бар науқастарды жүргізу», «Жанұяны жоспарлау», «Рациональды фармакотерапия»,  «Жанұялық медицинасынаға кіріспе», «АГ бар науқастарды жүргізу», «Жанұялық медицинадағы менеджмент », «Жанұялық медицинадағы клиникалық аудит», «Дәлелдемелерге негізделген медицина», «DOTS»,  «Тұлғааралық қарым-қатынас» тренингтеріне қатысты және т.б.

Кафедра ұстаздары белсенді түрде жанұялық медицина, кардиология, педиатрия, эндокринология бойынша  Алматы, Астана, Қарағанды, жақын және алыс шет елдердегі халықаралық конференцияларға қатысты: Ташкентте, Санкт-Петербургте, Барселонада (Испания). (Еспенбетова М.Ж. - 15-17.05.2006 -VI ҚР эндокринологтарының съезді, Эндокринологияның актуальды сұрақтары, Алматы; 2007 – II Халықаралық Конгресс «Предиабет және метаболикалық синдром», Испания, Барселона; 2007 – Конференция «Эндокринологияның актуальды сұрақтары», Алматы, АГИУВ; VI.2006ж. Жанұялық мед. Санкт-Петербург .  Халықаралық семинар- Қазақстандағы біріншілік медико-санитарлық көмектің дамуы бойынша  (жанұялық медицина), Астана, КГМА; 26 ақпан – 17 наурыз 2007 - Карағанды мемлекеттік  медициналық академиясы. Педагогикалық квалификацияны жоғарлату «Медициналық оқытуда инновациялық технологиялары»; 23-25.09.2005ж. – V  түркітілдес елдердің кардиологтардың халықаралық конгресі, кардиология институты, Алматы; 23.06.2006 Жалпы дәрігерлік тәжірибеге ауысу бойынша    Республикалық семинар-кеңесу, медакадемия, Карағанды. 12.06.0 7 –интернатура бойынша типті бағдарламаларды бекіту жайлы семинар-кеңесу. ҚР ДМ , Астана).

Жыл сайын ассистенттер мен доценттер жетілдіру институты мен квалификацияны жоғарылату факультеттері базасында өз квалификацияларын жоғарылатады. Кафедра қызметкерлерінің DFID проектісіне қатысуы денсаулық сақтау саласына жанұялық медицинаны енгізуі бойынша үлкен жетістік болды. 

1998 жылдан бастап Қазақстанда (DFID) халықаралық даму бойынша  Департамент қаржыландыратын және Британдық  Кеңеспен басқарылатын  біріншілік медико-санитарлық көмекті дамыту бойынша проектіге кафедра қатысады. Қатысушылардың құрамы  арнайы комиссиямен  іріктеледі. Қазақстанның 5 жоғарғы оқу орындарындағы әріптестерімен бірге   (Семей, Алматы, Астана, Карағанды, Ақтөбе) біздің академияның қызметкерлері осы проектіні жүзеге асрыуға белсенді түрде қатысты.  Бұл проект еліміз бен біздің аумағымыздағы медициналық жоғары оқу орындарындағы оқыту бағдарламаларын ары қарай дамыту және жетілдіруге өзінің бағасыз үлесін енгізді.  Осы оқыту барысында алынған тәжірибе енгізіліп, біздің кафедра қызметкерлері мен жоғарғы оқу орындарындары осы күнге дейін қолданып келеді.  

Шет елдік әріптестерімен бірге алынған тәжірибені енгізу бойынша нәтижелеріне Орталық Азия ректорлары Кеңесінің халықаралық конференциясына кафедра мүшелерінің қатысуы жатады  (Бішкек, Қырғызстан, 2003) және осында жұмысы бағаланып, медициналық жоғарғы оқу орындарындағы білім беру жүйесіне инновациялық әдістемелерін енгізу бойынша үздік баяндама ретінде  І орын берілді.  

Кейіннен кафедра жұмысы басқа халықаралық бағдарламаларға қатысуға бағытталды. Сонымен, біріншілік медико-санитарлық көмекті дамыту бойынша халықаралық бағдарламалар жиегінде кафедра қызметкерлері оқудан өтті: Израильде жанұялық медицина бойынша жылдық специализация, 2002-2003 жж.; «Жанұялық медицинаны оқыту»  Бішкек қ. 

Алынған тәжірибені таратудың қосымша мүмкіндігіне кафедра қызметкерлерінің болашақ жанұялық дәрігерлердің дипломнан кейінгі оқуына қатысуы жатады.   2002жылдан бастап  кафедра   Павлодарлық ФУВ филиалы болды және өздерінің базасында Шығыс Қазақстанның жанұялық дәрігерлерінің квалификациясын жоғарылату бойынша курстар жүргізді. Бағдарламаға жанұялық медицинаның  негізгі бөлімдері кіреді: амбулаторлық жағдайдағы терапия, педиатрия, акушерство-гинекология және хирургия.

Қазіргі кезде кафедра қызметкерлері оқытудың инновациялық әдістемелерін белсенді енгізе бастады: ОСКЭ арқылы тәжірибелік дағдыларды тексеру (объективті структуралық клиникалық экзамен), заманауи техникалық құрылғылардың көмегімен  презентацияларды өткізу (мультимедиялық проектор, оверхет),  рольдық ойындарды қолдану, шағын топтарда оқыту,  коммуникативты дағдыларды оқыту,  видеоконсультация,  проблемалық оқыту  әдісін қолдану және т.б.

Студенттердің танымын белсендіру құралы және оқытудың жаңа әдісі ретінде және олардың индивидуальды дайындыңын күшейту үшін “Жанұялық медицина” бөлімі бойынша СММУ ИВЦ электронды кітабы бойынша оқыту ұсынылады. Емдеу ісі факультетінің 5 курс студенттерінің дәріс материалдарына «Дәрігердің тәжірибесінде дәлелдемелі медицина» деп аталатын жаңа тақырып енгізілді,  «Дәлелдемелі медицина» циклі бойынша дәрігер интерндер Интернет қызметін қолданумен компьютерлі сыныптарда оқу жаттығуларынан өтеді. Студенттердің индивидуальды дайындығы дисциплинаның әртүрлі тақырыптары бойынша әдістемелік құралдарды дайындау кезінде де, сонымен қатар  оқу-әдістемелік әдебиетін қолдана отырып жүзеге асырылады. Кафедра қызметкерлері үнемі тәжірибеден өтіп жүрген дәрігерлер мен медициналық Жоғарғы оқу орындарындағы ұстаздар арасында дәлелдемелі медицина бойынша оқыту тренингтеріне қатысады.

Кафедрада компьютерлы сынып, қажетті  муляждармен қамтамасыз етілген тренажерлы сынып бар. Дәрігер интерндерге видеоконсультация өткізуге арналған видеокамера қолданылады. ЖТД дәрігер-интерндерін жылдық аттестациялау кезінде қолданылатын бағалау критерийлері сәйкестендіріліп жасалынған. Өздік жұмыс атқару ұйымы сабақтың практикалық бөлімін орындау кезінде жүзеге асырылады (ұстаздың бақылауымен құжаттармен жұмыс істеу, қабылдау, шағын топтарда жұмыс істеу),  әрбір сабақта ситуациялық есептерді шешу, тәжірибелік дағдыларды меңгеру (проблемаларды шешу әдісін, критикалық жағдайлардың анализін қолдану) жүреді. Тренажерлы сыныпта тәжірибелік дағдыларды үйренеді.  Активті түрде жарты жылдық және жылдық аттестацияны өткізу кезінде  емдеу ісі және педиатриялық факультетінің және ЖТД интерн дәрігерлерінің 6 курс студенттерінің өндірістік тәжірибеден өту мерзімі кезінде  ОСКЭ - тәжірибелік дағдыларды бақылаудың  заманауи инновациялық әдісі болып табылады.  

Қазіргі таңда кафедра меңгерушісінің Еспенбетова М.Ж. басқаруымен келесі ұстаздар жұмыс істейді: м.ғ.к. оқу ісінің меңгерушісі Амренова К.Ш., м.ғ.д. доцент Дюсупова А.А. доцент Беляева Т.М., м.ғ.к.Зонов В.Ф., м.ғ.к. Юрковская О.А., м.ғ.к.  Заманбекова Ж.К., м.ғ.к.  Мусинова Г.Р., ассистент Хисметова А.М., ассистент Зготова Н.С., ассистент Терехова Т.И.,  ассистент Амангельдинова С.Б., магистрант Жуманбаева Ж.М, магистрант Досбаева А.М.

Кафедра біріңғай бірлескен топ ретінде жұмыс атқарып, ары қарай біздің аумақта жанұялық медицинаның дамуы мен күшейтілуіне ықпал етеді және Денсаулық сақтау жүйесіндегі қайта құрылудың  Қазақстан билігінің таңдамалы стратегиясының өткізгіші болып табылады.