Басты бет » Хирургия бойынша интернатура кафедрасы (госпиталдық хирургия)

Хирургия бойынша интернатура кафедрасы (госпиталдық хирургия)

Семей қаласының медицина институтының госпиталды хирургия кафедрасы 1957 жылы облыстық аурухана базасында хирургия және травматология бөлімінде ашылған. Ең алғаш кафедра меңгерушісі институт ректоры, білім қайраткері, профессор К.Ч.Чуваков болды. Осы кезде кафедрада – М.А. Лихтентул, И.К. Карамендин, Н.Е. Потатуркина, А.А. Кох, Е.М. Айзенберг қатарлы доценттер қызмет атқарған. 1964- 1967 жж. кафедра меңгерушісі доцент И.И. Шушковский болды. Кафедраның ғылыми жұмыстары сүйек және буын жарақаттары, құрсақ қуысы ағзаларының жедел хирургиясы бағытында дамыды.

1967- 1970 жж. кафедра меңгерушісі профессор А.И. Барышников, 1970- 1972 жж.- доцент В.И. Русанов, 1972- 1976 жж.- профессор М.Д. Арсланов, ал 1976- 1981 жж. кафедра меңгерушісі профессор С.Н. Захаров болды. Осы жылдары кафедраның ғылыми жұмыстары өкпенің іріңдік аурулары (ассистенттер В.К. Островский, В.А. Ермолаев), ішек жыланкөздері, құрсақ қуысының жарықтары (ассистенттер В.Ф. Зонов, В.А. Хребтов), бауыр аурулары (доцент В.А. Баскаков) бағытында болды.

1982-1996 жж. кафедраны профессор М.Г. Кутяков басқарды. Клиниканың ғылыми бағыты: Хирургиялық гастроэнтерология. Он екі елі ішектің ойығы кезінде ағзаны сақтап калу операциялары кеңінен қолданыла бастады.

1996-2013 жж. кафедра және клиниканы медицина ғылымдарының докторы, профессор Н.Р. Рахметов басқарды. 

2013 жылдан осы уақытқа дейін кафедра меңгерушісі қызметін  м.ғ.д., доцент Аймағамбетов М.Ж. атқаруда.

Қазіргі кезде клиникада қызмет атқаруда: Т.А. Булегенов - медицина ғылымдарының докторы, доцент; Б.М. Елшібаев - медицина ғылымдарының докторы; медицина ғылымдарының кандидаттары мен ассистенттері: В.А. Хребтов, В.А. Ермолаев; ассистенттер: Н.Б. Омаров, М.Ә. Әуенов;  операциялық блоктың меңгерушісі Ә.И. Шыныбаев, жалпы хирургия бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Е.М. Асылбеков; ординаторлар: Т.Л. Ақпаров, А.Ж. Ахметов, А.К. Багенов, Р.К. Тайбуров; жүрек - қан-тамыр хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Б.С. Буланов; медицина ғылымдарының кандидат Е.О. Масалимов, орданаторлар: Е.Т. Сулейменов, Е.Ә. Сәлменбаев, Ш.С. Искаков, Ф.Т. Адылханов.

Кафедрада келесі резиденттер: Мендібаев Ә.А., Тимофеев Е.В.; магистрант Нечушкина В.В.,  PhD докторанттар Раймханов А.Д., Аужанов Д.Б. оқиды.

Кафедрада жалпы медицина фокултетінң 6 -7 курс студенттері білім алып, хирург интерндердің қызметке дайындығы атқарылуда. Сонымен қатар кафедрада жалпы хирургия және қан-тамыр хирургиясы бойынша резиденттер, магистранттар, хирургия бойынша PhD докторантураға мамандарды оқыту жүргізіледі. Оқыту қазіргі заманға сай емдік технология мен диагностикалық ашылулар (селективті ангиография, магнитті – резонансті томография, фибробронхо-гастро-колоноскопия, доплерография, интраоперационды ультрасонография, лапароскопиялық және торакоскопиялық кірісулер, кеуде қуысы мен өкпе ағзаларына кіші инвазивті кірісулер) негізінде жүргізіледі.

Кафедрада оқыту процессіне заманауи инновациялық педагогикалық технологиялыр енгізілген: ОСКЕ, CBL, TBL, миниклиникалық емтихандар, интеграцияланған дәрістер, тәжірибелік сабақтар, клиникалық симпозиумдар, симуляциялық сыныптағы және ISTAN робот – симулятордағы клиникалық сценарийлер, ситуациялық есептер және рөлдік ойындар, күрделілік дәрежесі бойынша тестілік есептер құрастыру. Кафедрада абдоминалдық хирургия және ангиологияның өзекті сұрақтары бойынша санатты жоғарылату курстары бар.

Клиниканың ғылыми бағыттары болып гепатобилиарлық хирургия, өңеш, ұлтабардың ойық жара ауруы және асқазан обыры хирургиясы, созылмалы веноздық жетіспеушілік, абдоминалды аорта және оның тармақтары ауруларының хирургиялық емі табылады. Профессор Н.Р. Рахметов жетекшілігімен 15 кандидаттық және 4 докторлық диссертациялар қорғалды. Доцент Т.А. Булегенов жетекшілімен 2 PhD докторлық диссертация қорғалды. Соңғы 15 жылда кафедраның қызметкерлері 500 ғылыми мақала, оның ішінде 200 – орталық баспаларда жариялады. 40 авторлық куәлік  және патенттер, 185 рационализаторлық ұсыныстар, 30 әдістемелік нұсқаулар, 10 монографиялар жазылды.

Кафедраның алғашқы күндерінен бастап студенттердің ғылыми үйірмесі ашылған. Жыл сайын ғылыми үйірмеде жалпы медицина факультетінің 6,7 курстарының  20-30 студенттері қатысуда. Кафедраның ғылыми үйірмесінің қатысушылары бірнеше рет республикалық (Алматы, Ақтөбе, Шымкент), халықаралық студенттік конференцияларда (Барнаул, Санкт-Петербург) жүлделі орындарға ие болды. Клиниканың қызметкерлері Солтүстік - Шығыс Қазақстан аймағындағы халыққа жоғарғы маманданған хирургиялық көмек көрсетеді. Құрсақ қуысындағы қолқа және оның тармақтарына, экстракраниальды артерия тамырларына, бауыр және өт қабына, өңеш пен асқазанға реконструктивтік операциялар жасалды. Өңештің тыртықты тарылуы, сонымен қатар асқазанның қатерлі ісіктеріне реканализациялық емінің тиімді әдістері ойлап табылды.

Клиниканың ұжымы жұмыскер, ғылыми-тәжірибелік жұмыстары жақсарды, коронарлы тамырлардың патологиясы кезіндегі емдік зерттеу мен коррекциялық жолдарын зерттеп, емдік тәжірибеге енгізілді. Клиникамыз Барнаул, Новосибирск, Алматы және Астана қалаларымен ғылыми-тәжірибелік тығыз байланыста.

1971 жылы анестезиология және реаниматология курсы госпиталды хирургия кафедрасымен ассистент Б.Ш. Муратовпен құрылды. 1973 жылы курс штатында ассистенттері Муратов Б.Ш. және А.Н. Семаков жұмыс істеді.

1975 жылдан бастап анестезиология және реаниматология курсы жеке  бөлім меңгерушісімен Бессоновпен А.М. және ассистенттер: м.ғ.д. Тулеутаев Т.Б., Муратов Б.Ш., А.Н.  Семаков жұмысын жалғастырды. Конкурс бойынша 1980 жылы Т.Б. Тулеутаев меңгерушілік қызметіне келді. 1990 жылы  анестезиология және реаниматология кафедрасы ашылып, оның құрамында ассистенттер: Тлеубаев М.Г., Буханченко А.Г., Муратов Б.Ш., Абдрахманова М.Н. болды. Қазіргі кезде анестезиология және реаниматология пәні бойынша жауапты болып медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Е.С. Кулуспаев қызмет атқаруда. Сонымен қатар аталмыш пән бойынша медицина ғылымдарының кандидаты, СММУ профессоры Т.Б. Тулеутаев, ассистенттер: К.М. Нуржан, А.Е. Карибаева, С.В. Альпищева қызмет атқаруда.

Анестезиология және реаниматология курсы тұрақты оқу-әдістемелік орталығы, оқу-педагогикалық жұмысын жоғары деңгейде атқаруда, студенттер арасындағы тәрбиелік жұмыстар жүргізуде. Көп жылдық жақсы қарым-қатынас тәжірибелік деңсаулық сақтауда орнатылып, дәрігерлер жылда ғылыми жұмыстарға, рационализаторлық және ғылыми ашылуларға қатысады. Анестезиология және реаниматология бөлімінің екі қызметкері кандидаттық диссертациясын қорғады, ал  2002 курстың меңгерушісі Т.Б. Тулеутаевқа университет профессоры атағы берілді.

Кафедраның негізгі ғылыми бағыттары: «бас миының ауыр жарақаттары және жедел бас ми қан айналымының бұзылыстарының қарқынды емдеу.