Басты бет » Анатомия және гистология кафедрасы

Анатомия және гистология кафедрасы

Адам анатомиясы кафедрасы 1953 жылы құрылды. Қалыпты анатомия кафедрасының бірінші меңгерушісі профессор И.М.Турецкий, ол кісі 1953 және 1962 жыл аралығында қызмет жасады. Кафедраның алғашқы қызметкерлері болып жұмыс істегендер: доценттер: Я. М. Криницкий,  С.Л. Драч; ассистенттер: З. А. Потемкина, Н.Б. Абсалямова, Ф. З. Просоленко, К. К. Власова, Н. И. Попова-Арямкина, Д. М. Балкабекова, Ж. М. Байльдинова, Т. И. Морозова. И. М. Турецкийдің жетекшілігімен көптеген диссертациялық жұмыстар орындалды:  Н. И. Поповой-Арямкина (1961); К. К. Власова (1966); Т. И. Морозова (1969).

1964 жылдың күзінен 1971 жылға дейін кафедра меңгерушісі болып доцент Ф.П. Плякин қызмет атқарды. Осы уақыт аралығында Ф.П. Плякин доценттермен бірге: Н.Б. Абсалямова, Т.И. Морозова, З.А. Потемкина; ассистенттер: Ж.М. Байльдинова,   Ч.Д. Джумабаев, Н.Н. Пимкина, В.М. Жангелов, Г.Г. Рыхликова, А.С. Рахметов, Э.Ф. Андреева, Л.Г. Миллер,   Г.В. Дружинина,  И.Н. Соколова-Милюшина, А. К. Жаксылыкова мен қызмет атқарды.

1971-1973 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін доцент Н.Б. Абсалямова атқарды. 1973 жылдың сәуір айынан бастап 1978 жылға дейін кафедраны м.ғ.д., профессор Н. И. Арямкина басқарды. Ол кісінің жетекшілігімен доценттер: З.А.Потемкина, Н.Б. Абсалямова, Т.И.Морозова және ассистенттер:  Ж.М. Байльдинова, Г.В. Дружинина, В.М. Жангелов, А.К. Жаксылыкова, Э.Ф.Андреева, Д.Е. Жаныбеков, Б.Н. Нурмухамбетова, Н.Н. Пимкина, Г.Г. Рыхликова, А. С. Рахметов, И.Н. Соколова-Милюшина, Г.Р. Мынжанова қызмет атқарды.

1977 жылдан бастап 1979 жылдары кафедра жетекшісі болып м.ғ.д., проф. Е. П. Цветов қызмет атқарды. 1979 және 1987 жылдары кафедра меңгерушісі болып тағы да м.ғ.д., профессор Н. И. Арямкина қызмет атқарды.

1987 және 1990 жылдары кафедра меңгерушісінің қызметін доцент Ж.М. Байльдинова атқарды. 1991 және 2002 жылдары қалыпты анатомия кафедрасының жетекшісі болып м.ғ.д. профессор Д. Е. Жаныбеков атқарды. Ол кісінің жетекшілігімен доценттер: Ж.М. Байльдинова, И.Н. Милюшина, Г.Р, Мынжанова, С.К. Кожанова, аға оқытушы: Г.В. Дружинина, ассистенттер: Б.К. Утегенова, М.Б. Кемешова,  М.М.Мукашева- Жампозбаева, Р.В. Ищенко, Н.В. Щетинина қызмет атқарды.

2002 және 2005 жылдары адам анатомиясы курсы бойынша м.ғ.д. профессор, оқу бөлімі бойынша проректор К. Н. Муканов меңгеруші қызметін атқарды. Осы уақытта кафедрада қызмет атқарған доценттер: И.Н. Милюшина, Г.Р., Мынжанова, С.К. Кожанова, К. К. Кудайбергенов, аға оқытушы:  Н. В. Щетинина, ассистенттер:  М.М.Мукашева- Жампозбаева, Г. М. Есболатова, Я. А. Милюшина, А. К. Букатов, А. Г. Куанышева, аға лаборант: Г. С. Каратаева.

2004 жылдың шілде айынан қараша айына дейін кафедра меңгеруші қызметін доцент Г.Р. Мынжанова атқарды.

2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін қалыпты анатомия, топографиялық анатомия және оперативті хирургия кафедрасының меңгерушісі болып доцент С.К. Кожанова қызмет атқарады. Казіргі уақытта кафедрада қызмет атқарушылар:аға оқытушылар: м.ғ.к. И.Н.Милюшина, Н. В. Щетинина, М.М. Мукашева; оқытушылар: м.ғ.к. Баильдинова Ж.М., М.Б. Жандаулетова, Г.В. Дружинина, А.Н. Мекебаева, А.А. Ауенов. Кафедрада оқу процесіне және де анатомиялық препараттардың сақталуына аға лаборант Д.О. Садыкова көңіл аударады,  ритуалдық қызмет жұмысшылары мен лаборанттар:  М.В. Чикурова, Г.Ж. Нургалиева, Т.Н.Саду, О.

Кафедраның қызметкерлерімен 28 кандидаттық және 6 докторлық диссертациялар орындалды. 350-ден көп ғылыми еңбектер, 10 монография, 50 рационалдық ұсыныстар және 12 ақпарат парақтар орындалды. 450 экспонаты бар анатомиялық препараттар музейі қазіргі уақытта тек қана біздің университетіміздің мақтанышы емес, сонымен қатар біздің Семей өңірінің мақтанышы болып саналады.

Қожанова Сәуле Кенесханқызы Семей қаласында 1968 жылы 10-шы сәуірде туылған. Орта мектепті 1985 жылы алтын медальға бітіргеннен кейін, сол жылы Семейдің мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетіне оқуға түседі. Институтта оқыған кезде топтың әкімі болып, студенттік ғылыми жұмысқа қатысып, институттың қоғам жұмысына белсене араласады. Үш рет «Оқу озаты» белгісімен марапатталады.

Семейдің мемлекеттік медициналық институтын 1991 жылы үздік белгімен бітіріп шыққаннан кейін И.М.Сеченов атындағы Москваның медициналық академиясының адам анатомиясы кафедрасында академик М.Р. Сапиннің жетекшілігімен бағытты аспирантурада оқиды.

Аспирантураны бітіріп, кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғағаннан кейін, 1995 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Семейдің мемлекеттік медициналык университетінің анатомия кафедрасының доценті. өзінің кәсіптік деңгейін үнемі көтеріп отырады. А.У.Асфендияров атындағы АММУ – де бірнеше рет оқытушылардың квалификациясын жоғарылату факультетінің курстарынан өткен. 2003 жылы үздік белгімен «Кайнар» университетін «Шет тілі және аудармашылық іс» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 2007 жылы КММА жанындағы «Медициналық білімде инновациялық технология» тақырыбында педагогикалық квалификациясын жоғарлату курсын тәмәмдаған.

Кожанова С.К. 2005 жылы адам анатомиясы, топографиялық анатомия және оперативтік хирургия кафедрасының меңгерушілігіне конкурс арқылы өтеді. Кафедраға келгеннен бастап оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарына ерекше көңіл бөледі. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде дәрістер оқиды, лабораториялық-тәжирибе сабақтарын жүргізеді. Оқу процессін бүгінгі күннің талабына сай жетілдіреді беруге  талап қоя біледі. 2001 жылдан бастап адам анатомиясы пәнінің лекциясына мультимедийлік әдістерді ағылшын тілінде, кейіннен орыс тілінде еңгізеді.

Қожанова С.К. өзінің қызмет бабындағы міндеттерін жетік  меңгерген басқарушы, білікті ұстаз, талантты ғалым. Алға қойған мақсатын аброймен орындайтын, әр уақытта көмекке келуге дайын тұратын әріптес. Дәріс оқуға және лабораториялық-тәжирибе сабақтарын жүргізуге тиянақты, ұқыпты дайындалады, студенттердің арасында абройы жоғары.

Кожанова С.К. өзінің тәртіптілігімен, ұқыптылығымен, қайырымдылығымен және интелегенттігімен өз әріптестерінің арасында сиымды және силасымды.

ЩЕТИНИНА НАТАЛИЯ ВИКТОРОВНА. 1956 жылы 25 мамырда туды. Семей қаласының №17 орта мектебін 1973 жылы бітірді, т СМПИ-ң биология факультетін  1979 жылы бітірді,  2006 жылы  «Қайнар» университетінің Семей қаласындағы филиалының шет тілдер бөлімін бітірді.  1980 жылдан 2004 жылдарға дейін қалыпты анатомия кафедрасының ассистенті,  2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедраның аға оқытушысы қызметінде еңбектенеді. Шет бөлімі құрылғаннан бастап және студенттерді ағылшын тілінде оқыта бастағаннан бері, кафедрада осы бөлім бойынша жауапты жұмыс атқарады. 2004-2006 жылдары шет бөлімінің 1-3 курсы бойынша аға жетекші, 2008-9 оқу жылы – емдеу факультеті мен шет бөлімінің аға жетекшісі, 2009-2010 жылдары – шет бөлімінің деканының орынбасары, 2010-2011жылдары –Семей қаласының ММУ-ң КТО, емдеу, тіс емдеу және шет бөлімінің Жетекшілер Кеңесінің төрағасы. Қазақстан республикасының Денсаулық министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған. 50 ғылыми жұмыстың және 4-оқу пособиесінің авторы.

Мукашева Меруерт Муратбековна 1995 жылы СММИ-ң емдеу факультетін «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді. Осы жылы адам анатомиясы кафедрасына жас оқытушы болып қалды. 1996 жылы іштей бағытты аспирантураға «Адам анатомиясы» мамандығы бойынша түсті. Аспирантураны 2001жылы бітірді.  1995 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін анатомия кафедрасының оқытушысы қызметінде еңбек етеді. Ғылыми-зерттеу жұмысы: «Адамның хиазмалды-селлярлы аймағының экстраорганды артерияларының топографиялық микроанатомиясы». Ғылыми жұмысы бойынша: 1- рационализаторлық ұсыныс, 3-өнертабысқа патент,  20-дан астам ғылыми жұмыс. 2002-2004,2008,2009 жылдары- Академияның Жетекшілер Кеңесінің мүшесі, 2008-2011 жылдары- ЖМФ-ң жетекшілер кеңесінің мүшесі, хатшысы, кафедраның аға жетекшісі. Кафедрада  интернатура бөлімі бойынша оқу-әдістемелік  жұмысқа жауапты.   

Мекебаева Алма Нургалиевна 1989 – 1995  жыл аралығында Семей мемлекеттік медицина институтында оқыды. 1996-1999 жылдары «Қалалық жедел көмек»  станциясында дәрігер болып қызмет атқарды.  2003-2010 жылдары Семей қаласындағы «Авиценна» медициналық   колледжде оқытушы және  тәжірибе ісінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2010 жылдан Семей мемлекеттік медицина университетінде анатомия кафедрасының оқытушысы  қызметінде еңбек аткаруда. Бірнеше  мақтау қағаздарының   иегері болып табылады. Оқу әдістемелік жұмысы бойынша бірнеше статьялары бар. Жұмыс барысында ТВL  әдісі бойынша ашық сабақ өткізілді.

Букатов А.К.  Интернатураны 2003 жылы аяқтағаннан кейін Семейдің мемлекеттік медициналык университетінің анатомия кафедрасының ассистенті ретінде жұмысқа қабылданады. Өзінің кәсіптік деңгейін үнемі көтеріп отырады. А.У.Асфендияров атындағы АММУ – де бірнеше рет оқытушылардың квалификациясын жоғарылату факультетінің курстарынан өткен. 2008-2010 жыл аралығында топографиялық анатомия курсының меңгерушісі қызметін атқарды.

2008 жылы конкурс арқылы жалпымедицина  және педиатрия факультеттерінің декан орынбасары қызметіне тағайындалып, 2011 жылға дейін жұмыс атқарды. Осы қоғамдық қызмет барысында өзінің университет өміріне деген тәрбиелік бағытта және ұстаз ретінде аса табандылықпен зор үлесін қосты. 2009 жылдан 2011 жылға дейін үш мәрте университтеттін үздік оқытушысы атағына ие болды. Кафедраға келгеннен бастап оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарына ерекше көңіл бөледі. 2007 жылы университетіміздің  жас ғалымдар конференциясында ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша бірінші орынды иеленген. Қазақ, орыс тілдерінде дәрістер оқиды, лабораториялық-тәжірибе сабақтарын жүргізеді. Қазір 2013 жылдан бастап кафедраның ғылыми-зерттеу жоспарына сәйкес медицина бойынша магистратурада оқуда.

Жандаулетова Мейрам Балтабековна, 2001 жылы С. А. Асфендияров атындағы КҰМУ бітіріп, 2004 жылдың қыркүйегінен 2013 жылдың шілдесіне дейін Семей ММУ тамақтану гигиенасы және гигиеналық пәндер кафедрасында жұмыс істеді. 2013 жылдың қыркүйегінен анатомия және гистология кафедрасына ауысып  қазіргі күнге дейін  қызмет атқаруда.

Семей ММУ жұмыс атқару кезеңінде 2005 жылы Алматылық дәрігерлер білімін жетілдіру институтында «Гигиена және МСБ таңдаулы сұрақтары» бойынша арнайы қайта мамандандыру циклін; 2007 жылы Семей ММУ инновациялық оқыту курсын; 2010 жылы Семей ММУ «Жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясы және оқыту әдістерінің таңдаулы сұрақтары» бойынша БКФ өтті.

Кураторлар кеңесінің және терминологиялық комитеттің мүшесі, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша эдвайзер болып табылады.

ПОҚ рейтингісі бойынша 2011 жылы және 2013 жылы «Үздік оқытушы» және 2012 жылы «Үздік куратор» номинациялары бойынша марапатталды. Қызмет атқару мерзімінде әдістемелік, тәрбие, қоғамдық және басқа жұмыс түрлерін атқарды.  Кафедрада оқу ісіне жауапты.

«Жалпы гигиена» пәні бойынша студенттерге арналған оқу-әдістемелік даярламаның авторы  (2009 ж.), 2013 жылы Мәскеулік «ГЕОТАР-Медиа» баспа тобымен  келісім-шартқа отырып, А.М. Большаковтың «Жалпы гигиена» оқулығын қазақ тіліне аударды.