Басты бет » Акушерия және гинекология кафедрасы

Акушерия және гинекология кафедрасы

Семей қ. мемлекеттік медицина университетінің акушерия және гинекология кафедрасы 1956ж. құрылған. Кафедраның негізін қалаушы және 20 жыл бойы орны толмас жетекшісі болған, Қазақстан Республикасына және одан тыс жерлерде танымал болған маман-ғалым м.ғ.к., доцент Алаш Ахметжанұлы Қозбағаров (1917-1966). Ол Семей жерінде фельдшер А.Қозбағаров отбасында дүниеге келген.

1934 жылы Талдықорған қаласында медициналық рабфакультетінде оқуын аяқтағаннан кейін, Алматы қ. медициналық институтына түсіп, оны 1939 жылы үздік бітіріп шықты. Ұлы Отан Соғысының ардагері, 2 «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері. 1948 жылдан бастап акушер-гинеколог болып істей бастады, Семей қаласының №1 перзентханасының бас дәрігері болды, 1957 ж. кандидаттық диссертацияны сәтті қорғады. 78 баспа еңбектерінің және  14 рационалды ұсыныстардың авторы. А.А Қозбағаров дәрігерлік кадрларды дайындағаны үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

1976 жылдан 1983 жылға дейін кафедра меңгерушісі доцент М.Г. Василевский болған, аз уақыт доцент К.А. Оглоблин және А.А. Хабижанова жетекшілік еткен. 

29.08.2014ж. №294-а СММУ бұйрығына сәйкес кафедралар біріктіріліп, апат медицинасы, акушерия және гинекология кафедрасы құрылды. Кафедраны Дюсупов А.З. меңгереді.

2014-2015 оқу жылында акушерия және гинекология кафедрасы бойынша ПОҚ өзгерді. Оқытушылар құрамы: доценттер  Г.Ж. Кайлюбаева және М.С. Желпакова,  доцент қ.а., м.ғ.к. Г.К. Манабаева, ассистенттер Г.А. Антонова, Э.К. Алимханова, Г.М. Егежанова, Г.А. Калиева, А.Д. Абдрахманова, С.С. Алимбаева, Б.А. Актаева. Кафедрада акушерия және гинекология бойынша магистратура ашылды, онда Баймусанова Г.Н., Искакова Д.Б., Гасанова Э.К оқиды.

м.ғ.к., профессор Г.Ж Кайлюбаева Семей мемлекеттік медицина институтының түлегі, Сеченов атындағы І ММИ аспирантурасын бітіріп, жатыр миомасы мәселелері бойынша кандидаттық диссертацияны қорғады. 123 ғылыми жұмыстардың, соның ішінде 4 монография авторы және 2 жаңа туындылар патентінің бірлескен авторы болып табылады. ҚР МҒА жұмыс тобының құрамасымен ҚР медициналық білім беру мекемелеріне арналған РД/ЖЖ бойынша Ұлттық оқу бағдарламасын дайындады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамотасы және төс белгісі «Қазақстан республикасының денсаулық сақтау үздігі», «Қазақстан Даңқы» ордені, «Шапағат» медалімен марапатталды.

Құрылған кафедраның алғашқы қызметкерлерінің бірі Л.В. Квятковская 23 жыл кафедра ассистенті болып істеді,  А.А. Хабижанова кафедраның бірінші клиникалық ординаторы, 25 жыл бойы кафедра қызметкері болды. Әр түрлі уақытта кафедрада жұмыс істегендер: доцент В.М Ищанова, доцент Г.П.Медвидицин, доцент Г.М. Воронцова, доцент Н.Н. Захарова, доцент Д.А Курмангалиева, м.ғ.к., ассистент Р.Т Валитов, ассистенттер А.А. Арсланова, М.Ж. Альсеитова, Н.А.Жумагельдина, Нургалиева Р.К. және Е.М. Тетерюков, Р.Т. Мусина, Г.Т. Нургалиева, Е.С. Ахметова.

Бүгінгі күні Семей қ. ММУ акушерия және гинекология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы: доцент Желпакова М.С., доцент қ.а., м.ғ.к. Манабаева Г.К. және ассистенттер Антонова Г.А., Баймусанова Г.Н., Сатубалдинова Б.Ж., Алимханова Э.К., Калиева Г.А., Егежанова Г.М., Абдрахманова А.Д. Кафедра қызметкерлері тәжірибелік денсаулық сақтау саласына жаңа перинаталдық технологияларды ендіріп, олардың нәтижелерін бағалаумен айналысады.

М.С Желпакова – кафедра доценті. Алматы қ. медициналық институтының жанандағы аспирантураны бітірген. «Үлкен жастағы алғаш босанушы әйелдер арасындағы преинаталдық өлімді болжау және алдын алу» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.  

Манабаева Г.К. – кафедра доцентінің қ.а., м.ғ.к. РНИЦОЗМиР жанындағы аспирантураны аяқтағаннан кейін, «Семей өңірінде тұратын қалқанша безінің патологиясы бар жүкті әйелдердің тиреоидты, иммунды және фетоплацентарлы жүйесінің ерекшеліктері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

Кафедрада 4, 5 курс жалпы медицина факультеті, 3 курс стоматология  және 3 курс мейірбике ісі факультеті студенттеріне сабақ жүргізіледі. Оқу базалары ҚКП, №3 перзентхана, «Жамиля» мекемесі, №2 қалалық аурухана. Сабақтар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Жыл сайын кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен акушерия және гинекологиядағы өзекті тақырыптарға монографиялар, мақалалар, тезистер басылып шығарылады.   Тәжірибелік дәрігерлерге, интерндерге және студенттерге арналған оқу-әдістемелік құралдар шығарылды.

Кафедраның жас ғалымдары акушерия және гинекологиядағы өзекті мәселелерді өңдеумен айналысады. Жүкті әйелдерді босануға психопрофилактилық дайындығы бойынша «Ана мектебі», студенттік ғылыми үйірмесі жұмыс істейді. Жыл сайын ғылыми студенттік конференцияда кафедра атынан ұсынылған баяндамалар жүлделі орынға ие болады. Акушерия және гинекология кафедрасынан студенттер ғылыми баяндамаларымен республикалық және халықаралық конференцияларда сөз сөйлейді. Кафедра қызметкерлері акушерия және гинекологиядағы өзекті мәселелер тақырыбында жыл сайын қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Кафедраның оқытушылық құрамы репродуктивті денсаулықты сақтау, жанұяны жоспарлау және нәтижелі перинаталдық технологиялар бойынша акушер-гинеколог дәрігерлерге, акушеркаларға және БМСК дәрігерлеріне арналған аймақтық семинарлар өткізеді. Кафедра дәрігерлердің біліктілігін арттыру бойынша тақырыптық циклдер өткізеді.