Басты бет » Семей қ. ММУ студенттік жатақханалары туралы мәліметтер

Семей қ. ММУ студенттік жатақханалары туралы мәліметтер

Шеттен келген бірінші курс студенттері Семей қ. ММУ жатақханаларында тұрумен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары

Құжаттарды рәсімдеу және жатақханаға орналасу 26 тамыздан басталады!

Ол үшін талапкерлер студенттер қатарына қосылғаннан кейін (қабылдау комиссиясына) қажет:

1) Онлайн түрде АИС Sirius  https://sirius.ssmu.kz бағдарламасы арқылы өтініш беру

2) тұрғанына төлемақы (айына 7000тг. Ал әкім гранты юойынша білім алушыларға 7500тг.) төлеу  туралы түбіртек (реквизитті деканаттан немесе бухгалтериядан алуға болады) және орналасуға ордер алуы керек.  

3) Жатақханаға:  

- жеке басын куәлендіретін құжат, көшірме;

- педикулездің жоқтығы туралы мед.анықтама  (педикулездің бар болуына мед тексеру  ММУ емханасы қызметкерлерімен өткізіледі);  

- факультет деканының қолымен орналасуға өтініш, түпнұсқа; 

- тұруға төлемақы туралы түбіртек, көшірме;

- орналасуға  ордер, түпнұсқа.

Жатақханаға орналасушы студенттер бұрыңғы тіркеу орнынан алмай, жалпы тәртіпте бір жылға дейінгі мерзімен уақытша тұру орны бойынша тіркелуге болады!