Басты бет » Ғылыми гранттар

Ғылыми гранттар

Барлық елдегі әлеуметтік-экономикалық өркендеудің маңызды бағыттарының бірі инновациялық үлгіде дамыту болып табылады. Еліміздің өркендеуінің инновациялық басымдылықтары «Қазақстан-2050» стратегиясында нақты анықталған.

Қазіргі уақытта инновациялық қызметке қолдау көрсететін бірнеше негізгі бағыттар бар:

1. Білім мен ғылымды тұлғалық мүмкіндікті арттыру арқылы дамыту. 

2. Инновациялық кәсіпкерлікті жетілдіруге жағдай жасау.

3. Инновациялық жобаларды қаржыландыруды жақсарту. 

Іргелі және қолданбалы зерттеулерге қолдау көрсету - көптеген дамыған және дамушы мемлекеттердің  тікелей міндеті болып табылады. Сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің қаражатымен жүргізіліп жатқан зерттеулерге де көптеген мысалдар келтіруге болады. 

Бүгінгі күні Қазақстанда негізгі грант берушілер: ҚР БҒМ ғылым комитеті (http://sc.edu.gov.kz/224/?L=0), ҚР Бірінші Президентінің Қоры (http://www.testent.ru/news/granty_na_nauchnye_issledovanija_ot_fonda_pervogo_prezidenta_rk/2012-01-24-722), технологияны дамытудың Ұлттық агенттігі (http://www.natd.gov.kz/granty/), т. б. болып табылады. 

Ғылыми зерттеулерге бағдарламалық-мақсаттық және гранттық   қаржыландыру үшін қаражат бөлінуде.

Гранттық және бағдарламалық-мақсаттық зерттеулер бізге не береді? Ереже бойынша бұл бөлінген қаражаттар  мүлік шығынына, ғылыми жетекші журналдар басылымдарына, іс-сапар шығындарына, ғылыми зерттеулер нәтижесін енгізуге, Қазақстан мен шетелдің  жетекші зертханаларында  зерттеу  жұмыстарын жүргізуге, еңбек жалақысына және т.б. жұмсалады.

Осыған байланысты, гранттық және бағдарламалық-мақсаттық қаржыландырулар мүмкіндігін кеңінен пайдалануларыңызды сұраймыз.