Басты бет » Шетел бөлімі

Шетел бөлімі

1995 жылы   университетте екі проректормен  бақыланатын және КОЖ деканымен басқарылатын шетелдік студенттер үшін қосымша бөлім ашылды. Алғашқы рет орыс тілінде оқытумен  бөлімге әртүрлі мамандықтар бойынша оқуға университетке Үндістаннан, Пәкістаннан, Палестинадан, Сириядан және Иорданиядан 43 шетелдік студент қабылданды. 1998 жылы университет  ағылшын тілінде оқытумен бөлімге әртүрлі медициналық мамандықтар бойынша оқыту үшін лайықты шетелдік кандидаттарды қабылдау туралы TECAS International фирмасымен келісім шартқа қол қойды. Ағылшын бөлімі сол оқу жылында ашылған болатын. Келісім шартқа қол қоюдың арқасында және «Университеттің» және “TECAS International” біріккен күш - жігерімен Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті дәстүрлі орыс және қазақ тілінде оқытудан басқа студенттер шетел бөлімінде оқуға мүмкіндік алған орталық Азияда бірінші мемлекеттік медициналық мекеме  болды. Біздің университетке шетелдік студенттердің үлкен саны неге түскісі келетіні ол басты себептердің бірі болып табылады.

Университетте тиісті бөлімдермен ағылшын тілінде пәндердің оқу –әдістемелік кешені әдістелген болатын, ағылшын тілінде  көптеген оқу әдебиеттері сатып алынды, ол әр жылдары толықтырылады. Шетел бөлімінде оқу үшін шетелдік студенттер үшін көптеген жағдайлар жасалған, медициналық көмек, демалыс және ойын –сауық, мемлекетке  және одан шетке саяхат. Шетелдік студенттерге университеттің ауласында асханамен, алғашқы медико –санитарлық көмек пунктімен және валюта айырбастау құралдарымен жатақхана берілген

Шетелдік студенттер үшін дайындық секциясы  шетелдік студенттер бөлімінде қызмет етеді, онда олар орыс тілінен басқа түсу емтихандарын тапсыруға даярлық үшін тиісті пәндерді оқиды.

Қазір  Қытай, Үндістан, Пәкістан, Бангладеш, Судан сияқты және басқа  елдерден  350 аса студент университеттің әртүрлі факультеттерінде білім алуда. Білім Министрлігімен, Денсаулық сақтау Министрлігімен, халықаралық қатынастар Министрлігімен, ҚР ІІМ, тиісті мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының елшілігімен және консулдық мекемелермен  тығыз қатынастағы жұмысты қоса  алғанда шетелдік студенттер үшін университетте жақсы жағдай жасалған.

Осы уақытта   Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті шетелдік студенттер саны бойынша білім беру мекемелерінің көшбасшысы болып табылады.