Басты бет » Балалар жұқпалы аурулар фтизиатрия кафедрасы

Балалар жұқпалы аурулар фтизиатрия кафедрасы

Жұқпалы аурулары кафедрасы 1957 жылы құрылған, меңгерушісі доцент Бороновский Л.М.. болған. Педиатрия  факультеті (1963 ж.) ашылған соң М.Б. Коган басшылық еткен  госпитальды педиатрия кафедрасы ішінде балалар жұқпалы аурулары курсы құрылды (1971 ж.). Балалар  жұқпалы аурулары курсына жауапты болып м.ғ.к.., доцент Ж.М. Лопатина, курс ассистенттері И.П. Неустроева, Р.З. Волоза, Б.Р. Курманова, Т.У. Уалиханов, Бекенова М.Е. қызмет етті. Кейіннен балалар жұқпалы аурулар курсы жеке кафедра болып бөлініп, бұнда: доцент, м.ғ.к. Шабалин В.В., м.ғ.д., профессор Булаткина З.Г., м.ғ.д профессор Архипов Г.С.; м.ғ.к., доцент Б.Р. Курманова  меңгеруішлік қызметін атқарды. Кафедрада жұмыс істеді доцентттер: м.ғ.к. Сафронов В.Р., м.ғ.к. Розенсон Р.И., м.ғ.к.. Распопин В.Л.,  м.ғ.к. Бекенова М.Е., Аткенов С.Б., ассистенттер:Каржаубаева С.Р., Гатауллина Э.З., Набоков Е.В., Кабдулина Ф.О. Мырзаханова Н.М., Салдырбаева М.О.

Қазіргі таңда балалар жұқпалы аурулар және фтизиатрия  кафедрасының меңгерушісі - медицина ғылымының кандидаты, Денсаулық сақтау ісінің үздігі  Имдат Мусаұлы Эфендиев. Кафедрада бүгінгі күнге доцент, м.ғ.к. Курманова Б.Р., ассистенттер:, м.ғ.к. Мансурова А.А., Хамитова М.О., Сутормина А.В., Ержигитова Э.М., Байтулеуова Н.Ж., Ваулин С.С., Масабаева М.Р.


 

Балалар жұқпалы аурулар кафедрасы  Семей қаласының МКМК «Жұқпалы аурулар» ауруханасының балалар бөлімінде орналасқан. Кафедрада инновациялық технологияны қолдана отырып, оқу процесін  сапасын жақсарту мақсатында қазіргі заманға сай  материальды-техникалық базаман қамтамасыз етілген. Оқу бөлмелерінде мультимедиялық жабдықтармен, маркерлі тақталармен, флипчартпен қамтамасыз етілген. Тәжірибелік дағдыларды игеру үшін асқазан жуу тренажері, бинокулярлы микроскоп бар. Биохимиялық және клиникалық лаборатория тәжірибелік дағдыларды   IV-V дәрежесіне дейін игеру үшін септігін тигізеді.  2009-2010 оқу жылынан бастап студенттер мен дәрігерлер үшін клиникалық біріктірілген симпозиумдар, семинарлар, конфенциялар өткізу мақсатында 50 адамға арналған  конференц-зал қарастырылған. Клиникалық базада білім алушылар күнделікті науқастармен жұмыс істеп, қажет құзіреттерді игере алады. Интерндер мен резиденттердің аралық аттестацияларының бір кезеңі миниклиникалық емтихан тапсыру (науқастың төсегінің жанында).

Кафедра қызметкерлері Халықаралық, Республикалық ғылыми және әдістемелік конференциялар мен семинарларға қатысуда, Қазақстан Республикасы , алыс және жақын  шет елдерде біліктіліктерін жоғарылатып отырады. 2007 жылы ассистент Мансурова А.А. «Ғылыми зерттеу менеджменті» бадарламасы бойынша АҚШ-да Вирджиния Достастық Университетінде оқыды, 2012 жылы кафедра меңгерушісі И.М.Эфендиев Израильде «Мамандарды лицензиялау  және сертификаттау сұрақтарын қарастыру» циклінде біліктілігін шыңдады.   Кафедра қызметкерлерінің барлығы БДҰ бағдарламасы бойынша: «Аса қауіпті инфекциялар жағдайларын анықтау стандарттары», «Балалар жасындағы ауруларды интегрирлендіре жүргізу» циклдарын өтті.

 Кафедра деңгейінде үнемі ғылыми жұмыс жүргізіледі, 11 кандидаттық жұмыс: гепатологиядан  – 6, жедел ішек инфекциясынан және иммунологиядан  – 2,  сарып бойынша  - 1.  Кафедраның негізгі  ғылыми бағыты: балалардағы созылмалы С және В вирусты гепатиттерінің клинико – патогенетикалық ерекшеліктерін зерттеу,  жедел, созылыңқы, созылмалы  С және В вирусты гепатиттерінің еміне жаңа  бағыттар қарастыру. Кафедра ұжымымен  400 ғылыми  - әдістемелік мақалалар жарық көрген, 27 рациональды ұсыныстар, студенттер мен тәжірибелік дәрігерлерге арнап 35 оқу  - әдістемелері басып шығарылған.  2010 жылы ассистент Мансурова А.А. кандидаттық диссертицация  жұмысын қорғады, ассистент Елисинова А.М. 2014 жылда PhD -диссертацияны қорғады.

Студенттік ғылыми ұйымы жұмыс істейді, бұнда тәлім алушы әр курс пен мамандықтар бойынша студенттер белсенді жұмыс жүргізіп, жыл соңында  өтетін Семей мемлекеттік медицина университетінің студенттік ғылыми конференциясына қатысады.  Студенттік ғылыми – зерттеу ұйымының жұмысы  вирусты гепатиттер, жедел респираторлы вирусты инфекция, жедел ішек инфекциясы, АИЖВ – инфекциясы және басқа да ауа  - тамшылы инфекциялар (менигиттер, қызылша, көкжөтел) жайлы көкейкесті мәселелерді қарастырады. Қорытынды студенттік конференцияда баяндама жасаған  студенттер жыл сайын   жүлделі орындарға иеленіп келеді. 

Кафедрада «Гепатологтар мектебі» жұмыс істейді, оның мүшелері тәжірибелік денсаулық сақтау саласындағы  дәрігерлер арасында үнемі  семинарлар өткізіп отырады.  «Гепатологтар мектебі» қызметі аясында Семей аймағындағы созылмалы  «В» және «С»  сырқат тұрғындарды емдеу және диагностикалау  сұрақтарын шешу үшін комиссия отырысын ұйымдастырады.

Кафедра қызметкерлері үнемі  Шығыс Қазақстан облысы  және басқа да облыстардан  келген тәжірибелік денсаулықсақтау мамандары арасында балаларда жиі кездесетін жұқпалы ауруларға қарасты көкейкесті сұрақтарды талқылау мақсатында дайындық және қайта дайындау  циклдарын өткізеді.

Семей қ. ММУ 2015-2016 оқу жылының  кафедалар рейтингі бойынша «Үздік кафедра меңгерушісі» атауын   Эфендиев И.М., «Үздік ассистент» атауын Сутормина А.В. алды.

2010-2011 оқу жылынан бері резидентураның  «Жұқпалы аурулар, сонымен қатар балалар» мамандығы бойынша 27 адам бітірді, оның ішінен үшеуі докторантураны «Медицина» мамандығы бойынша, 8 түлек Семей қ. ММУ кафедра ассистенттері болып жұмыс істейді. Ал қалғандары мамандықтары бойынша ЕПМ жұмысқа орналастырылды. 

Профессор Архипов Г.С., доцент Бекенова М.Е., Розенсон Р.И., Распопин В.Л.; доцент Курманова Б.Р. «Адал еңбегі үшін» және и «Денcаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медальмен мадақталған сонымен қатар 2010 жылы «Қазақстан Республикасының Медициналық ЖОО арасындағы үздік түлек» конкурсы бойынша бірінші орын алған интерн-балалар инфекционисті Абдикаримова Қ. сияқты үздік оқытушылар мен түлектерін кафедра мақтан тұтады.

2015 жылдан 2016 жыл аралықтарында кафедра меңгерушісі И.М.Эфендиев басшылығымен келесі емдек клиникалық протоколдар басылып шықты: «Скарлатина у детей», «Хронический вирусный гепатит С у детей», «Ветряная оспа у детей», «Коклюш и паракоклюш у детей», «Корь у детей», «Паратитная инфекция у детей», «Краснуха у детей» «Диарея у детей. Затяжная диарея», «Герпетический стоматит у детей», «Бруцеллез у детей», «Хронический вирусный гепатит В у детей» «Энтеровирусная инфекция у детей»

13.12.2016ж кафедра ассистенті Масабаева М.Р. «Молекулярно-генетическое прогнозирование развития хронических вирусных гепатитов и цирроза печени вирусной этиологии в казахской популяции» атты Phd доктор диссертациясын қорғап шықты.

 Фтизиатрия бойынша студенттерге сабақ  беру 1957 жылдың қазан айында факультеттік терапияның құрамында басталған, курсты басқарған доцент, кейін профессор болған Соболев В.А.  Осы курстың туберкулез курсының ең бірінші доцент болып  тәжірибелі дәрігер  - фтизиатр Г.Д. Мякинин басқарған. 1959 жылы туберкулез кафедрасы ұйымдастырылып, А.Н.Хасенов алғашқы меңгерушісі болған. Бір жылдан соң фтизиатрия кафедрасы  факультетті терапия  кафедрасының құрамына қайтадан енгізілді.  өзгертілді.

Кафедраның қайта  жандануы, оның тұрақталуы мен дамуы профессор И.П. Зиновьевпен  байланысты, ол кафедрада 18 жыл жұмыс істеп, кафедра  ассистенттінен кафедра меңгерушісіне дейін көтеріліп  қызмет атқарған. Зиновьев И.П. кафедраны алғаш құрылғаннан, 1966 жылдан бастап басқарып,   оның материалды базасының құрылуына, білім беру әдістерінің жетілдіруіне, ғылыми және емдеу  жұмыстарының жобалауына, жүруіне көп  еңбек сіңірді. 

1961  жылдан 1970 жылға дейін педиатр факультетінің ашылуымен  субординаторларды оқытумен  байланысты  кафедра штаты кеңейді. Бұл кездерде ассистент ретінде: Матакбаев И.М., Дивеева Л.М., Дружинина Г.Е., Байльдинова И.М. жұмыс атқара бастайды. Сол кезде жасалған  ғылыми жұмыстар туберкулезге  қарсы дәрілердің әсерінен болатын туберкулезбен ауыратын науқастардың қанындағы өзгерістер,  спецификалық емес  микрофлоралар, аутоиммунды үрдіс есебінен пайда болтын  өзгерістерге арналған. Осы тақырыпқа байланысты  (Зиновьев И.П.) доктарлық және (Дивеева Л.М.)  кандидаттық диссертациясы қорғалды. Байльдинова И.М. Линенградтағы Ғ;ылыми Зерттеу Институтының аспиранты болып,  туберкулезге қарсы қолданатын дәрілердің бауыр қызметіне әсерін зерттей отырып,  кандидаттық десертациясын қорғаған. 70-ші жылдарда  кафедрада Череватов Л.Н., Кобокова И.П., Гончарова А.С. ассистенттері жұмыс атқара бастады. 

1978-1988 жылдары кафедраны М.А. Бурлаченко басқарды. Осы кезеңде кафедра  қызметкерлері халыққа  туберкулезге қарсы көмек ретінде  ұйымдасқан  ұжымдарды жетілдіруге негізгі көңіл бөлді. Осы  тақырыптағы ғылыми зерттеу жетістіктері  Гончарова А.С.  және Набокова И.П. ассистенттерінің ғылыми жұмыстарының негізі болып, осы тақырып бойынша кандидаттық диссертацияларын қорғаған. 

Кафедрада барлығы 2 докторлық және 4 кандидаттық диссертация қорғалды, бұл кезеңде кафедра қызметкерлері 400  ғылыми жұмыс баспаға шығарылды.

1989 жылы институтта қазақ бөлімі ашылып, бұл бөлімде Игембаева К.С. сабақ берді. Оқытушылық жұмыспен қатар  К.С. Игембаева  сырттай аспирантурада оқып, сырттай ОҒЗТИ МЗ ССР бітірген соң, осы институтта 1984 жылы «Қолайсыз себептері бар туберкулезбен ауыратын адамдардың емінің нәтижесін жақсарту» тақырыбында  кандидаттық диссертация қорғаған. 1996 жылдан бастап кафедраны басқара бастаған.

Игембава К.С.  фтизиатрия кафедрасында ассистент  қызметін атқара жүріп  докторлық диссертация жұмысымен  айналысып,  2002 жылы қараша айында Москва  қаласындағы Орталық ғылыми зерттеу туберкулез институтында медициналық «Ионизирленген сәуленің әсері, туберкулез тыныс ағзасының ағымы мен соңы» тақырыбында докторлық дисертациясын қорғады.

Туберкулез циклы бойынша қалыпты  оқу сабағынан емдеу ісі факультетінің III-IV,  VI курсы  және  педиатрия факультетінің  V-VI  курсы, 7 топ интерн – фтизиатрлар дайындалып, қазір олар  фтизиатрлық қызметте  жемісті жұмыс атқаруда.  Павлодар қаласында 1993 ж  сәуір айынан бастап, дипломнан кейінгі  фтизиаторлардың білімділіктерін  арттыру үшін  оқыту жүргізіледі.

Кафедраның  ғылыми тақырыптары туберкулездің эпидемиологиясы, дәріге төзімді туберкулез, туберкулез кезіндегі иммуногенетикалық өзгерістер болып табылады. Кафедрада үнемі   ғылыми студенттік үйірмелер жұмыс істейді, үйірмеге қатысатын студенттер  ғылыми жұмыстар атқарады.  Әр жыл сайын  студенттік конференцияларда және ғылыми студенттік сайыстарда баяндамалар жасайды.  Кафедра қызметкерлері жалпы емдеу жүйесіне көмек береді, жыл сайын 200-300  науқасқа кеңес береді, консилиумдарға қатысады, патологоанатмиялық конференцияларда баяндамалар жасайды. Аймақтық туберкулездік диспансердің дәрігерлері  ғылыми жұмыстарға кең көлемде ат салысады, соңғы 5 жыл ішінде кафедра  ұстаздарымен бірге  ғылыми  шығарылымдардың 50 рет  бірлескен авторы болды. 2006-2007 оқу жылы соныңда кафедра оқытушылары бөлім  меңгерушісі м.ғ.д., профессор К.C. Игембаева, доцент И.М. Байльдинова, доцент Гончарова А.С., ассистент м.ғ.к. Р.С. Игембаева, ассистенттер Г.А. Кадирова, Н.К.  Селиханова болды.

Кафедра белсенді түрде баспа қызметімен айналысады: кафедрада 2003 жылы Москва қаласында  м.ғ.д., профессор К.С. Игембаеваның монографиясы  басылды, сонымен қатар кафедрада фтизиатриядан  2 кітап орыс тілінен қазақ  тіліне аударылды.  Оқулықтарда м.ғ.д. профессор К.С. Игембаева және  ассистент м.ғ.к. Р.С. Игембаева (1995 және 2007  жылдары) аударды.  Кафедраның барлық  оқытушылары оқыту сабақтарын 2 тілде  жүргізеді. Сондай – ақ Р.С. Игембаева оқыту  сабақтарын ағылшын тілінде жүргізіледі.  Р.С. Игембаева  2006 ж. наурыз айында Алматы қаласында  РҚ туберкулез проблемасы Ұлттық орталығында  (ТПҰО) кандидаттық диссертациясын қорғады. Ассистенттер  Р.С. Игембаева, Г.А. Кадирова,  Д.Д. Чункаева жоғары категориялы, Н.К. Селиханова  бірінші категориялы дәрігерлер.

Кафедра әр жыл сайын студенттік ғылыми  конференцияларға және үнемі  халықаралық ғылыми конференцияларына қатысады.

Оқытушылар 4 курс ЖМФ-нің студенттеріне куратор және  кафедрада тәрбие жұмысына белсенді қатысады, №7 жатақханада кезекшілік атқарады. Әрбір оқытушы  кураторлық топпен және оқып жүрген топпен кәсіби  бағдарлама бойынша  және туберкулездің профилактикасы бойынша Семей мектептерінде жұмыс жүргізеді.

Материалды база заманауи сұранысқа сәйкес, толығымен мультимедиялық жүйелермен, компьютерлермен, проектормен, ноутбуктермен қамтылған.  2012-2013 жылдан бастап фтизиатрия және балалар жұқпалы аурулары кафедралары қосылып, қазір бірге қызмет атқарып жатыр.