Басты бет » м.ғ.д. профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасы

м.ғ.д. профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасы

Институттың алғашқы құрылған жылдарында биохимия, бейорганикалық, аналитикалық, органикалық, физикалық және коллоидты химияны оқыту жалпы химия кафедрасында жүргізілді, ол Семей медициналық институтының ұйымдастырылу кезінде – 1953 жылы құрылды.

Оның бірінші меңгерушісі Ленинград Университетінің түлегі Коновалов Александр Михайлович болды. 1959 – 60 жылдары кафедраның бейорганикалық және аналитикалық химия (меңгерушісі доцент Коновалов Александр Михайлович) және биохимияның, органикалық, физикалық және коллоидты химия (кафедра меңгерушісі доцент Русинова Капиталина Ивановна) болып бөлінді.

1963 - 1977 жылдары жаңа құрылған биохимияның органикалық, физикалық және коллоидты химия меңгерушісі болып,профессор Долгова Зинаида Яковлевна болды.

1977 жылдан қазіргі кезге дейін биохимия кафедрасын Ресей Жаратылыстану Академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Тапбергенов Салават Оразұлы басқарады.   Тапбергенов С.О 1965 жылы Семей медициналық институтының емдеу факультетін ерекше бітіріп, содан Харьковский медициналық институтының биохимия кафедрасында аспирантураны бітірді.1969 жылы оқу бітірісімен кандидаттық диссертациясын қорғады. Ал 1984 жылы тақырыбы:   «Қалқанша безінің гармондары мен катехоламиндері функциональдық және метаболитикалық эффекттердің энергетикалық алмасудағы реттелу» болатын докторлық диссертациясын қорғады.

Тапбергенов С.О 1965 жылы Семей медициналық институтының емдеу факультетін ерекше бітіріп, содан Харьковский медициналық институтының биохимия кафедрасында аспирантураны бітірді.1969 жылы оқу бітірісімен кандидаттық диссертациясын қорғады. Ал 1984 жылы тақырыбы:   «Қалқанша безінің гармондары мен катехоламиндері функциональдық және метаболитикалық эффекттердің энергетикалық алмасудағы регуляция» болатын докторлық диссертациясын қорғады.

1976 жылдан 1984 жылға дейін бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасын доцент Есенгулова Шайзада Камзиновна басқарып келді. Білім беру программасының өзгертілуіне байланысты, органикалық химиядан бейорганикалық химия пәні жалпы химия кафедрасына көшірілді, оны 1984 жылдан  1995 жылға дейін кафедраны доцент  Каратыш Борис Владимирович басқарды, ал 1995 - 2002 жылдар аралығында жалпы химия кафедрасында қайтадан меңгеруші  Есенгулова Шайзада Камзиновна болды.

Тоқсаныншы жылдары химия кафедрасы химиялық пәндер кафедра курсы статусына ие болды, оны 2002 – 2003 жылдары доцент Гавриленко Ирина Владимировна  басқарды. 2003 жылы «Фармация» мамандығының ашылуы бойынша, химия курсын екі өзіндік «Жалпы химия курсы» мен «Фармацевтикалық факультеттің химия курсы» болып бөлінді. Фармацевтикалық факультеттің химия курсын 2003 – 2006 жылдар аралығында Гавриленко И.В, ал жалпы химия курсын 2003 - 2006 ж аралығында басқарушы болып биологиялық ғылымның кандидаты Сүлейменова Айнаш Елеусизовна болды.

2007 жылдың қыркуйек айында,оқу процессін оңтайландыру бойынша, жалпы химия курсы мен фармацевтикалық факультеттің химиясын «Химия және дәрі – дәрмек технологиясы» курсына біріктірді, ол 2007 жылдың 1ші наурызында кафедраға айналды.Куртың меңгерушісі болып ақырында доцент Гавриленко Ирина Вадимировна  тағайындалды. Ал 2008 ж - 2009 ж аралығында осы кафедраны химиялық ғылымның кандидаты Болысбекова Салтанат Манарбековна басқарды.

2009 жылы барлық химиялық пәндерді бір кафедраға біріктірді,ол Фармацевтикалық пәндер және химия курстар биохимия кафедрасы болып біріктірілді.

Бұл кафедраның меңгерушісі болып РАЕ академигі, медициналық ғылымның докторы, профессор Тапбергенов Салават Оразович. 2016-2017 оқу жылы кафедра меңгерушісі міндетін атқарушы ассоц. профессор Болысбекова Салтанат Манарбековна болды. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедра меңгерушісі болып к.м.н., профессор РАЕ Смаилова Жанаргуль Кайыргалиевна тағайындалды.

2017 жылдың қазанында Ғылыми Кеңестің шешімімен кафедраға РАЕ академигі, медициналық ғылымның докторы, профессор Тапбергенов Салават Оразовичтің есімі берілді.

Әр жылдары биохимия кафедрасында жұмыс істеді Березницкая Л.М., Астрожникова Е.В., Басаргина Т.А., доценты Самойлов П.М., Фирсов А.П., ассистенты Тагильцева Л.П., Пронина Н.М., Крючкова Т.А., Бусурманова Б.Т., Топшиноев А.П., Мынжанов М.Р., Килибасова, С.М., Кусаева А.С., Каратыш Б.В., Байзаурова Р.О., Жангелова М.Б., Недостоева Г.А., Кожабеков Б.Т., Калимулина, С.В. Гурская Н.В., Гавриленко И.В., Прозор И. И., Нысамбаева К.С.

Қазіргі уақытта биохимия және химиялық пәндер кафедрасында профессор Тапбергенов С.О., доцент Бекбосынова Р.Б., доцент С.М. Болысбекова, доцент міндетін атқарушы Олжаева Р.Р., аға оқытушы Прозор И.И., доцент міндетін атқарушы А.Ш.Омарова, докторант Советов Б.С., оқытушы Муртазина Д.Д, оқытушы К.Т. Сыдыкова, оқытушы А.Т.Абленова, оқытушы К.С.Нысамбаева, оқытушы Г.С. Бабаева,  оқытушы Б.А. Шеризатова сабақ жүргізеді.

 

Кафедраның оқу-әдістемелік қызметі

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы оқу үдісінің құрам бөлігі болып табылады және әдістемелікті жүзеге асыру, оқу сабақтарының барлық түрлерін жүргізу сапасын, эффективтілігін жоғарылату, профессорлық- оқытушылық және ғылыми құрамның кәсіптік деңгейімен педагогикалық іскерлігін арттыру, оқу үрдісін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету мақсатына ие болады.

Кафедраның ПОҚ медициналық мамандықтар бойынша МЖМБС әдістемелігін, оқытылатын пәндер бойынша типтік оқу бағдарламасын талдауға, білім алушылардың білім беру траекторияларын құруға қатысады, оқытылатын пәндер бойынша Силлабустарды жасайды, білім беру үрдісін оқыту тілдерінде баспалық қызмет жолымен және жаңа оқу әдебиеттерін алу үшін өтінім беру жолымен оқу-әдістемелік әдебиеттерінің баспасымен қамтамасыз етеді. С.О. Тапбергенов келесі оқу әдістемелік нұсқаулар, оқулықтар және монографиялар дайындап шығарды.

1. «Адам ағзасындағы биологиялық сұйықтықтар мен қан клинико-биохимиялық анализінің патогенді интерпретациясы бойынша тәжірибелік дағдылар», Алматы 1996 ж.

2.«Адрено-тироидты жүйе. Клетканың биоэнергетикасы мен стресске бейімделу механизмі». Семипалатинск. 1998 ж. - монография

3.«Медициналық биохимия», астана 2001 ж.

– оқулық.

4.«Медициналық және клиникалық биохимия».

Павлодар 2004 ж. оқулық.

5.«Медициналық биохимия». «ЭКО»басылым.

Павлодар 2008 ж.

6.«Клиника-биохимиялық анализдердің интепретациясы». Павлодар 2008 ж.

Кафедра білім алушының өздік жұмысын және оқытушының басқаруымен білім алушының өздік жұмысын ұйымдастыру және оқу әдістемелікпен қастамасыз ету жұмысын жүргізеді; білім алушыларға үлгерімі бойынша ағымдық, аралық және қорытынды аттестациялық бақылау жүргізеді, пәнді эффективті меңгеру мақсатында білім алушыға қосымша сабақ, консультация өткізеді; кафедра жұмысының барлық түрлерінен кафедраішілік бақылау, оқу сабақтарынанөзара қатысу, ұйымдастырылады; білім алушылардың кәсіптік іс-тәжірибесін ұйымдастырады және басқарады, оларды әдістемелікпен қамтамасыз етеді; оқу үрдісінің оптимизациясын кезекті талдау мақсатында білім алушылардан кері байланыс алуды ұйымдастырады және жүргізеді. Кафедраның ПОҚ оқу әдістемелік бағыттағы жұмыс тобының құрамында университеттің КОП және УМС жұмысына белсенді қатысады.

Оқытудың соңғы нәтижесіне жету үшін, білім, дағды, қарым-қатынас /мінез-құлық аймағындағы құзіреттіліктерді меңгеру үшін кафедрада оқытудың және сабақ жүргізудің  инновациялық әдістері, сондай-ақ TBL,  интеграциялық дәрістер мен сабақтар қолданылады. Оқытудың және сабақ жүргізудің  әдістері әрбір пәннің силлабустарында көрсетілген, жыл сайын №2 түрде «жұмыс бағдарламасына толықтырулар мен өзгертулер» енгізу актісін құру арқылы қайта қаралады. Кафедрада пәндерді оқыту клиникалық ғылыми білімді игеруге және оны тәжірибелік іс-әрекетте қолдануға негізделген базалық биомедициналық ғылым аймағында ғылыми концепция мен әдістерді құруға және түсінуге бағытталған. Осы мақсатта кафедрада ситуациялық клиникалық тапсырмалар жасалған, бұл клиникалық іс- тәжірибеде биомедициналық пәндердің көрнекі жүргізілуіне бағытталған.

Кафедрада «Химия», «Медициналық биохимия» пәндері бойынша «Студенттен студентке» бағдарламасы бойынша қосымша оқыту сабақтары жүргізіледі. 2016 жылдан бастап кафедрада химиядан қалалық олимпиада, 2 курс студенттеріне биохимиядан пәндік олимпиадалар өткізіледі.

Кафедра қызметкерлері жыл сайын университеттің, қаланың, республиканың  қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Неоднократно члены кафедры избирались депутатами городского, районного Совета народных депутатов, избирались в Парламент РК, работали в деканате, организовывали и вели большую работу в общественно-политических движении «Невада-Семипалатинск» Республики Казахстан.

Кафедраның мүшелері қалалық, аудандық депутаттар, Қазақстан Республикасы Парламентіне сайланған, деканатта жұмыс істеген, «Невада-Семей» әлеуметтік-саяси қозғалысында үлкен жұмыс жүргізген.

 

Кафедраның ғылыми жұмысы

Кафедра "СЯП аумағында тұратын халықтардың денсаулық жағдайлары" тақырыбындағы Семей полигонындағы ядолық жарылыстың адам және жануарлар ағзасына тигізген зардаптары және жедел жағдайлардағы алмасу үрдістерінің гормональді реттелу механизмдері бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Кафедрада жүргізілетін зерттеулердің негізгі бағыттары мыналар: «Имунитет,клетканың биоэнергетикалық реттелу механизміндегі адрено - тиреоидтік  жүйе және радияциялық период кезіндегі  стрестік  әсерлерге ағзаның бейімделу  процесі» және Иммунитет бұзылулары кезіндегі энзимдік диагностика және бейімделу механизмінің бқзылуларын қалпына келтіру тәсілдері» ҚР АН ғылым фондының гранты.

Осы тақырыптар бойынша 2010жылы 2кандидаттық диссертациялар қорғалды:

-«Гипотиреоздық жануарлардың ртуттық интоксикация кезінде антиоксиданттық жүйенің ,иммунитеттің және пуриндік нуклеотидтердің метаболизмін тузеу» орындаушы аға оқытушы Олжаева Р.Р.

-«Сәулеленген ағзаның  ртуттық интоксикация кезінде антиоксиданттық қорғау,пуриндік нуклеотидтер алмасуы және иммунитетті түзеу» орындаушы аға оқытушы Прозор И.И.

Кафедрада патентті жұмыстар және авторлық куәлікке және 18 рационалды ұсыныстар бар. 

Профессор С.О. Тапбергеновпен стрестік әсерлерге, сонымен қатар радиацияға биоэнергетикалық тасымалдану механизмін қамтамасыз ететін адрено-тиреоидты жүйе туралы концепция жасалған.  Бул тақырыпта 2005 жылы докторлық диссертация қорғалған.

Кафедрада Біріккен оқу-ғылыми зертхананың биохимиялық бөлімі жұмыс істейді. Ол автоматтандырылған биохимиялық анализатор және гемотологиялық анализатор сияқты заманауи құралдармен жабдықталған.

2009 жылдың мамыр айында Ресей Жаратылыстану Академиясының Президиумының шешімі бойынша Семей қаласының Мемлекеттік медициналық университетінің биохимия кафедрасы «Золотая кафедра России» атағына ие болды және № 00438 дипломымен марапатталды.   

Кафедра Украина (Харьков, Киев), Белоруссия (Минск, Гродно), Ресей (Москва, Санкт-Петербург), Польша жоғары оқу орындарымен ғылыми және достық қарым-қатынаста.  

2013ж. Мамыр айында м.ғ.д., профессор С.О. Тапбергеновке Еуропалық  бизнес-ассамблеясы Сократ комитетінің жүлдесі берілді.  

 

Студенттік ғылыми үйірме

Кафедрада студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына аса маңызды көңіл бөлінеді, ол оқу үрдісінің бір бөлігі болып табылатын. Студенттердің сабақтан тыс уақытта студенттік ғылыми үйірмелерге қатысуы, СҒЗЖ орындау, зерттеулерінің нәтижелерін жариялау, ғылыми студенттік конференцияларға қатысуы ғылыми ойлау қабілеттерін қалыптастырады және зерттеудің  ғылыми әдістерін қолдануға ықпал етеді. Кафедраның СҒҮ жұмысына көптеген студенттер қызығушылық білдіре отыра, қатысады. Бұл олардың білімдерін тереңдетеді, ғылыми әдебиеттермен өздігінен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады, тәжірибелерді ұйымдастыруға және жүргізуге үйретеді. Кафедраның студенттік ғылыми үйірмесіне жыл сайын 2-3 курстың 30 дан аса студенттері қатысады.

  Үйірме отырыстарында реферативті баяндамалар және тәжірибелік жұмыстар талқыланады. Жыл сайын қорытындыстуденттік конференцияларда кафедраның ғылыми үйірмесінен заманауи биохимиялық құралдармен және әдістермен жабдықталған биохимия кафедрасының зертханасында орындалған  5-6 ғылыми жұмыстар қатысады.  

Жыл сайын кафедраның үйірме студенттері 1, 2, 3 жүлделі орындарға ие болады.  

Кафедраның тәрбие жұмысы

Кафедрада тәрбие жұмысының жүргізілу мақсаты Қазақстанның азаматы және патриоты ретінде тұлғаның рухани қалыптасуына аса көңіл бөліне отыра, бүкіл оқу үрдісінің тәрбиелік бөлігін күшейту  болып табылады.

Оқытушылар барлық факультеттің студенттерімен оқу үрдісі кезінде де, оқудан тыс уақыттада улкен тәрбие жұмыстарын атқарады. Оқытушылар оқу топтарының кураторлары болып табылады және жатақханаларда кезекшілік атқарады. СПИД, туберкулёз, салауатты өмір-салтын ұстануды қалыптастыру бойынша жалпыкафедралық кураторлық сағаттар өткізеді. Абай, Ф.М. Достоевский театрларына, өлкетану және Невзоровтар мұражайына, биологиялық орталыққа баруды ұйымдастырады.  Студенттермен бірлесе отыра әртүрлі тақырыптарда: Нашақорлықтың, шылым шегудің және алкоголизмнің зияндары туралы, СПИД – ғасыр дерті, Абай шығармашылығына арналған стендтер жасалынады.  Кафедра қызметкерлерімен жетім студенттерге көиек көрсетіледі.