Басты бет » Семей қаласының Мемлекеттік Медицина университетінің Ғылыми кеңес

Семей қаласының Мемлекеттік Медицина университетінің Ғылыми кеңес

Ғылыми кеңесі Семей қаласының Мемлекеттік Медицина университетінің басқарманың жоғарғы органымен болып табылады. Ғылыми кеңестің өкілетті мерзімі – 3 жыл.  

Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Заңнамаларын, Жоғары оқу орындарындағы Ғылыми кеңес қызметінің типтік ережелерін, СММУ Жарғысын және СММУ Ғылыми кеңесі туралы ережені басшылыққа алады.

Университет Ғылыми кеңесінің қызметі жариялылық пен өз құзырындағы мәселелерді ұжымдық талқылау қағидаларына сүйенеді. 

– университет құрылымын бекітеді;

– университет Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

– университеттің даму стратегиясы мен тұжырымдамасын белгілейді;

– университеттің құрылымдық бөлімшелерін (зертхана, кафедра, институт, факультет және т.б.) құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;

– университеттің оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу, халықаралық, қаржы, әкімшілік-шаруашылық қызметтерін ұйымдастырудың барлық негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;

– университет ректорының, проректорларының, факультет декандарының, құрылымдық бөлімшелер жетекшілерінің оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, халықаралық, ақпараттық, қаржы-шаруашылық, әкімшілік қызмет формалары мен әдістері туралы жыл сайынғы есептерін тыңдайды;

– университеттің қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастырады;

– бюджеттен тыс қаржыны қолдану тәртібін, сондай-ақ ақылы білім беру қызметін көрсету мен шығарылатын өнімді сату арқылы алынатын табыстарды қайта инвестициялау бағыттарын анықтайды;

– жоғары кәсіптік білім берудің көпдеңгейлі жүйесі бойынша мамандар даярлаудың жаңа бағыттарын, оқыту мерзімдері мен формаларын анықтайды;

– диссертациялық зерттеулер бойынша магистранттар мен докторанттардың тақырыбы мен ғылыми жетекшілерін бекіту;

– оқулықтар, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік әзірлемелерді шығаруды қарастырады және ұсыныс жасайды;

– студенттерді ақылы бөлімнен білім беру грантына және экстернат формасында білім алуға ауыстыру туралы шешімдер қабылдайды;

– ҚР Президенті бекіткен шәкіртақылар мен атаулы шәкіртақыларды тағайындау туралы шешімдер қабылдайды;

–  ҚР мемлекеттік аттестациялау ұйымдарының алдында қауымдастырылған профессор (доцент)  және профессор ғылыми атақтарын беру туралы ұсыныстар жасау

  • университет қызметкерлері мен шығармашылық ұжымын мемлекеттік, үкіметтік сыйлықтарға және құрметті атақтарға ұсыну туралы мәселелерді қарастырады;

– алқалық шешімді қажет ететін университет қызметінің басқа да мәселелерін қарастырады.

Ғылыми кеңестің шешімдері хаттама түрінде жазылып Ғылыми кеңес төрағасы мен хатшысы қол қояды.


Телефон: 8 (7222) 56-97-55, (ішкі 1047)

Факс: 8(7222)56-97-55

e-mail: mail@ssmu.kz