Басты бет » Интернатура. Түсу

Интернатура. Түсу

Интернатураға түсу процедурасы интернатура бойынша ережелермен регламенттелген, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің 16 маусым 2010 жылдың № 452 бұйрығымен бекітілген, және Семей қ. ММУ интернатураға қабылдау ережелері

Интернатураға қабылдау бойынша негізгі шарттар мен ережелер. 

1. Мемлекеттік бюджет есебінде интерндерді дайындау келесі мамандықтар бойынша мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде жүзеге асырылады: 

«Емдеу ісі» (терапевттер, хирургтаржалпы тәжірибелік дәрігерлер);
«Педиатрия» (педиатрларбалалар  хирургтарыжалпы тәжірибелік дәрігерлер );
«Стоматология» (стоматологтар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер).

2. Мемлекеттік білім тапсырысынан тыс интерндерді дайындау келісімшарт негізінде оқуға шығындарды толық өтеумен жүзеге асырылады. 
3. Тар мамандықтар бойынша бюджет негізінде мемлекеттік білім тапсырысы бойынша интерндерді дайындау жергілікті мемлекеттік денсаулық сақтау басқарамалары немесе емдеу мекмелерінің тапсырысы негізінде, қажетті мамандықты дайындау бойынша тапсырыс беруші,түлек және жоғары оқу орнының ректоры арсаында жасалатын үшжақты келісімшартпен интерндерді дайындауға рұқсат етіледі.  

4. Келісімшарт негізінде оқуға шығындарды толық өтеумен интернатурада дайындау түлектің өзімен немесе тапсырыс берушімен жеке келісімшартқа отырумен жүзеге асырылады. 
5.  Мамандықтар бойынша интернатураға қабылдау, жалпы тәжірибелік дәрігер және жалпы тәжірибелік стоматологты санамағанда, конкурс негізінде жүзеге асырылады.  Конкурстың негізгі шарттары: 

- қажетті мамандықты дайындау бойынша тапсырыс беруші,түлек және жоғары оқу орнының ректоры арсында жасалатын үшжақты келісімшар, сонымен қатар маманның интернатураны аяқтағаннан кейін жұмыс беруді кепілдендіретін емдік мекемеден кепілдеме хаты;          
- барлық оқу кезеңінін қорытындылары бойынша орташа балл: 

Негізгі мамандықтар бойынша дайындау үшін (жалпы тәжірибелі дәрігерлер мен жалпы тәжірибелі стоматологтардан басқа)   – 3,33;
тар мамандандыру үшін   – 3,67

- дайындық үшін кафедра меңгерушісінен және негізгі емдік мекемелердің алдыңғы қатарлы клиницистерінен  екіден кем емес ұсыныс хаттың болуы;  
- студенттің студенттік ғылыми – зерттеу жұмыстарына қатысуы (НСО төрағасының бекітілуі) 

6. нақты мамандану бойынша интернатураға қабылдану үшін барлық түлектер 31 тамыз мерзіміне дейін интернатура бөліміне ректор атына арыз жазады (белгіленген формада) және жеке ісін өткізеді, онда келесі құжаттар болуы керек: 

•    жеке парақ (белгіленген үлгіде) 
•    Диплом (көшірмесі)
•    дипломға қосымша (көшірмесі) 
•    жеке куәлігі, паспорт (көшірмесі) 
•    Автоөмірбаян 
•    2 түрлі-түсті фотосурет  (3х4 және 5х6)

7. Басқа жоо-нан РММ «ММУ» ауысу ережелері: 

- интернатурадан өтуге басқа жоо-нан РММ «ММУ» ауысуға келісім-хатты ұсыну; 
- жоо-нан шығарылу жөнінде бұйрықтың көшірмесі; 
- интернатураға қабылдау туралы ректор атына арыз; 
- нақты мамандану бойынша интернатураға қабылдануға құжаттар; 
-грант бойынша білім алатын студенттердің жеке істері.  

8. интернатураға қабылдау ағымды жылдың 1 қыркүйегінен жоо-ның ректорының бұйрығының негізінде жүзеге асырылады. 1 қазаннан кеш емес мерзімде жоо ҚР денсаулық сақтау Министрлігіне интернатураға қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін береді.