Басты бет » Халықаралық қатынастар

Халықаралық қатынастар

Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті шетелдік мемлекеттердің жоғары оқу орындарымен екі халықаралық келісімдерді қолдайды: Нагасаки университетінің медициналық факультетімен, Хьэстон Медициналық орталығымен (Техас АҚШ), Талса қ. дәрігер – резиденттерді  даярлау орталығымен, Оклахома – АҚШ).

Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті қайта құру және даму еуропалық Банкімен, “Источник – Казахстан» қорымен және жапондық даму Қорымен, университет ManavBharti (Үндістан), ООО «OrangeSmile» (Испания), университет Santosh (Үндістан), университет Sharda (Үндістан),  Харьков Ұлттық Медицина университеті (Украина), словакиялық Медициналық университет (Словакия Республикасы) және басқаларымен әріптестік қарым -қатынаста.

Университет  халықаралық университеттермен  қол қойылған келісімдерге негәзделген әріптестіктің 17 бағдарламасын жүзеге асыруда, 1 зерттеу бағдарламасымен және 2 ғылыми гранттармен жоспарланған.  «Қазақстан халқының атом радиациясы және радиациялық емес  қауіп факторлерінің  медициналық, әлеуметтік және психологиялық зардаптарын азайту үшін ғылыми технологияларды әдістеу» жоспарланған зерттеу бағдарламасының жобасы дайындалды 771 миллион  теңге толық бюджетімен  Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігіне  берілді.

Университеттің ғалымдары соңғы алты жылда шетелде  өткен отыз екі халықаралық ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға, съездерге және  Қазақстанда және ТМД мемлекеттерінде өткізілген 90 аса халықаралық конгресстерге қатысты. Өткен 10 жыл ағымында шамамен 15 негізгі Халықаралық  конференциялар  университет базасында  АҚШ, Жапония, Үндістан, Ресей және басқа көптеген мемлекеттер  ғалымдарының қатысуымен өткізілді. Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті  және Радиациялық технологиялық институт (АҚШ) "Нано Медицина" және  «Ядролық медициналық  физика» бойынша MSc екі дипломына оқыту бағдарламасын ашу туралы келісімге  қол қойды. «Экология. Радиация. Денсаулық» Халықаралық ғылыми конференция жыл сайын Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінде өтеді.

Конференцияға медицина және радиология саласындағы көптеген халықаралық сарапшылар қатысады.  Университеттің белгілі ғалымдары  шетелде оқулықтар, басшылықтар және қолжазбалар шығарады. 2010  жылы   Семей  қ. ММУ Аккредиттеу бойынша Ұлттық Комитетпен аккредиттеуден табысты өтті, Дүниежүзілікі Медициналық Білім беру Федерациясының Халықаралық   сарапшысы,  профессор ЛайфКристенсен  университет  халықаралық стандарттарды 3 тарау бойынша  озғанын айтып өтті:клиникалық практикаға студенттердің ерте қолжетімділігі, студенттерді қолдау және инновациялық білім беру технологиялары .