Басты бет » Бакалавриат. Түсу

Бакалавриат. Түсу

5В130100 «ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА» МАМАНДЫҒЫ

ОҚЫТУ МЕРЗІМІ  - бакалавриат 5 жыл  + интернатура 2 жыл

Оқуды тамамдаған түлекке «дәрігер» біліктілігін берумен жоғары білімі туралы диплом және жалпы практика дәрігері немесе дәрігер гигиенист  - эпидемиолог ретінде өздігінен практикалық қызметке жіберумен интернатураны аяқтағаны туралы куәлік беріледі. Түлектің кәсіби қызмет нысаны болып табылады:

- ішкі органдардың ең таралған аурулары кезіндегі ересектерге және балаларға білікті медициналық көмек көрсету; 

- алғашқы медициналық – санитарлық көмек формасындағы арнайы медициналық көмек көрсету;

- санитарлық – гигиеналық және эпидемияғақарсы қызметті ұйымдастыру және өткізу;

- ғылыми зерттеулерді және педагогикалық дағдыларды дамытуды жоспарлау. Медицина бакалавры магистратурада әрі қарай  оқуын жалғастыруға құқығы бар.                         

Бейінді пән: Биология+Химия

5В110100 – «МЕЙІРБИКЕ ІСІ» МАМАНДЫҒЫ

ОҚЫТУ МЕРЗІМІ  – 4 жыл

«Мейірбике ісі» мамандығы бойынша түлектерге - «мейірбике ісі бакалавры» академиялық дәрежесі, «мейірбике ісі менеджері» біліктілігімен жоғары медициналық білім туралы  диплом беріледі. «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша түлек бекітілген заңнамаға сәйкес:

- мейірбике ісі бойынша бас дәрігер орынбасары;

- бас мейірбике

- мейірбикелік күту емханасының, хоспистің, сауықтыру пунктінің, меңгерушісі, 

- ЕАҰ бөлімдерінің аға мейірбикесі;

- медициналық колледждерде мейірбике ісі бойынша мамандарды дайындайтын оқытушы ретінде  практикалық қызметке жіберіледі.  Мейірбике ісі бакалавры магистратурада әрі қарай  оқуын жалғастыруға құқығы бар.                                                

Бейінді пән: Биология+Химия


5В130200 – «СТОМАТОЛОГИЯ» МАМАНДЫҒЫ

ОҚЫТУ МЕРЗІМІ  – 5 жыл бакалавриат + 1 жыл интернатура

Оқуын бітірген түлекке «жалпы практика дәрігер -стоматологы» біліктілігін берумен жоғары медициналық білім туралы  диплом  және жалпы практика дәрігер –стоматологы ретінде өздігінен практикалық  қызметке жіберумен интернатураны  бітіргені туралы куәлік беріледі.
Стоматология бакалаврының магистратурада немесе интернатурада оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар.   

Бейінді пән: Биология+Химия


5В110200 – «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ»  МАМАНДЫҒЫ

ОҚЫТУ МЕРЗІМІ  – 4 жыл

Оқуын бітірген түлекке «қоғамдық денсаулық сақтау бакалавры» академиялық дәрежені берумен жоғары медициналық білімі туралы диплом беріледі.

Денсаулық сақтау, білім, ғылым, әлеуметтік қорғау осы мамандық бойынша бакаврдың кәсіби қызметінің саласы болып табылады.

- 5В110200 –«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша түлек магистратурада әрі қарай  оқуын жалғастыруға құқығы бар.                                                

Бейінді пән: Биология+Химия


5В110300 «ФАРМАЦИЯ» МАМАНДЫҒЫ

ОҚЫТУ МЕРЗІМІ  – 5 жыл

5В110300 «Фармация» мамандығы бойынша оқуын бітірген түлекке «фармация бакалавры» академиялық дәрежені берумен жоғары медициналық білімі туралы диплом беріледі. Түлек  магистратурада әрі қарай  оқуын жалғастыруға құқығы бар.

Түлек фармацевт ретінде өздігінен практикалық қызметке  жіберіледі. Денсаулық сақтау, фармация, білім, ғылым, әлеуметтік қорғау осы мамандық бойынша бакаврдың кәсіби қызметінің саласы болып табылады.

Бейінді пән: Химия+Биология