Басты бет » Тіркеуші офисі

Тіркеуші офисі

Тіркеуші офисі – білім алушылардың академиялық деңгейін есептеу және барлық оқу кезеңдеріндегі білім жетістіктерін тіркеумен айналысатын қызмет. Тіркеуші офисі 2007 жылы қыркүйек айында құрылған. Тіркеуші офисі 2011 жылдың сәуір айынан бастап оқу – әдістемелік орталығының құрамына енді.

Тіркеуші офисінің негізгі міндеттеріне:

  • Білім алушылардың оқу үлгерімдерінің академиялық жазбаларын жүргізу;
  • Білім алушылардың академиялық рейтінгін есептеу;
  • Оқу пәндері бойынша жинаған сағаттар мен кредиттер есебін жүргізу;
  • Аралық, қорытынды аттестацияның жүргізілуін ұйымдастыру;
  • Аралық және қорытынды аттестацияның нәтижесі бойынша жиынтық ведомосын дайындау және қалыптастыру;
  • Үлгерім орташа баллын есептеу (GPA), диплом қосымшасын (транскрипт) күнделікті транскрипті беру және жүргізу;
  • Білім алушыларға элективті пәндер каталогын құрастыру және элективті пәндер презентациясын ұйымдастыру;
  • Жазғы (ақылы) семестрді жүргізу және ұйымдастырылуына қатысу;
  • Электронды журналдың жүргізілуін бақылау.

2007-2008 оқу жылында оқу үдерісін автоматтандыру үшін 1-С Кәсіпорын бағдарламасы енгізілді. Білім алушылардың оқу үлгерімін әрбір пән бойынша қалыптастыру ведомосы үшін бөлім қызметкерлерінің жұмысына енгізілді. Электронды журналдардың және емтихан ведомостарын, оқу процессесін автоматтандыру үшін 2012 – 2013 оқу жылының қыркүйек айынан бастап АСУУП Сириус енгізілді.

 

Мустафинова Оразгайша Ахметкалиевна және Акшалова Жанаргуль Советовна бөлімнің құрылған сәтінен бастап осы бөлімде қызмет атқарады.

Тіркеуші офис бастығы – Мустафинова О.А, Алматы қаласында, шеттілдер институтын бітірген. Университетті бітіргеннен кейін 2007 жылдың қыркүйегіне дейін университетте француз және латын тілдері мұғалімі болып жұмыс істеді.

Акшалова Ж.С – инспектор.

 Болатова М.Б – инспектор, «Мейірбике ісі» магистрі. Бөлімде 2016 жылдан бастап жұмыс істейді.

Байланыс ақпараты: 134 кабинет, 1 этаж, тел. 52-20-94 (ішкі № .1020), email: Officeregistrar@ssmu.kz