Басты бет » Студенттік өмір

Студенттік өмір

Университеттің  белсенді  жұмысы жастар ісі комитетімен қатар орындалады, оның негізгі мақсаты студенттерлің мүдделерін қорғау болып табылады. Комитет өз жұмысын оқу және білім беру, мәдени, спорттық және сауықтыру  бағыттарын ұстана орындайды.  Жыл сайын үздік студент, үздік топ және үздік жатақхана атына жарыстар өтеді.  Осы уақытта  студенттер ұлттық аспаптар, вокалды аспаптар ансамблінде, би ансамблінде және хорда өнерлерін көрсетуде.  Өткен жылы университеттің көркемөнерпаздары белсенділері қалалық университеаралық байқауда  бірінші орын алды.  Студенттердің белсенді өміріне және спортпен айнасысуына   үлкен көңіл бөлінеді. Осы уақытта салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жұмыс істейді. 


 

Университеттің студенттері аймақтық, республикалық және халықаралық деңгейлердегі әртүрлі іс –шараларға белсене қатысады.  Университеттің волейбол командасы бірнеше рет Қазақстан Республикасының студенттік ойындарында жеңімпазы  және КСРО медициналық жоо-дар спорттық және атлетикалық ойындар финалистері болды. Спорттық клубтарды және дене шынықтыру бөлімдерінің  ашылуынан бері Қазақ СРО чемпиондары, Республикалық жарыстар жеңімпаздары және 17  КСРО спорт шебері шықты.   Қазіргі уақытта университетте семсерлесу залы, үстел теннисі және басқа арнайы  жабдықталған бөлмелер орналасқан. Студенттер   баскетболмен, волейболмен,  семсерлесумен,  үстел теннисімен және шаңғы  спортымен айналысады. Сол сияқты   университеттің  қалада уақытша тұратын студенттер үшін қолайлы  3 жатақханасы бар. Университеттің асханасы, сауықтыру кешені, «Медик» жазғы сауықтыру лагері  қызмет етеді. Жаңа мыңжылдықтың басталуымен Семей қаласының мемлекеттік  медицина университеті  студенттердің  және материалды – техникалық базаның  санын  арттырумен  қарқынды дамуда. Қолжетімді  білім, кепілді жұмыспен қамту және таңдаулы  білім беру  университеттің басты жетістіктері  болып табылады.

Семей қаласының мемлекеттік  медицина университеті  - ол  Қазақстан Республикасының  қарқынды даму үстіндегі, заманауи, жоғары медициналық оқу орындарының  бірі болып табылады, ол өзінің  өткеніне мақтанышпен  және болашағына сенімді қарайды