Басты бет » PhD докторантура. Түсу

PhD докторантура. Түсу

PhD докторантура деген не?

 Жоғарғы оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау   ғылыми сала және мамандық бойынша жүзеге асырылады. Бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық  кадрларды ,  ғалымдарды және мамандарды әлемдік білімдік қызмет нарығында қамтамасыз ету докторантураның негізі болып табылады.

Семей қаласының ММУ мемлекеттік тапсырысты орындау шегінде   ғылыми –педагогикалық бағыттың   2 мамандығы бойынша оқу бағдарламасын  жүзеге асырады(№0107153  лицензия  6D110200   «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша ;  №0111557лицензия  6D110100 «Медицина» мамандығы бойынша  №363 12.05.2011 жыл).

PhD  докторантура халықаралық талаптарға және Болон процесінің принциптеріне сай  ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындауды,  жетілдіруді  қамтамасыз етеді.  

Приказ 109 типовые правила приема    

Біз неге Семей қаласының ММУ PhD таңдаймыз?

Семей қаласының ММУ  –ҚР медициналық жоғарғы оқу орындарының ішіндегі жетекші оқу орны. Халықаралық білім берудің PhD докторлық бағдарламасы  біліктілігі жоғары мамандарды және ғылыми кадрларды мықты  әлемдік тәжірибе бойынша  және оқытудың жаңа  инновациялық технологиялары негізінде оқытады.  

Семей қаласының ММУ әлемнің жетекші университеттерімен және ғылыми ұйымдарымен байланыс орнатады.Бұл талантты да дарынды жастар үшін өзінің шығармашылық потенциалын кеңірек ашуын жетілдіре түседі.

PhD докторантурада оқу түрі қандай ?

 PhD докторантура ғылыми-педагогикалық бағыт  бойынша Семей қаласының ММУ-де күндізгі оқу түрі бойынша оқытылады. Оқу мерзімі 3 жыл.

PhD докторантураға түсуге қандай талаптар қойылады?

Семей қаласының PhD докторантурасына ҚР азаматтары,шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар , «магистр» академиялық дәрежесі немесе резидентураны бітірген азаматтар қабылданады.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұрған заматтығы жоқ азаматтар конкурс негізінде мемлекеттік білім тапсырысына сәйкес жоғары оқу орнынан кейін тегін білім алады,егер де бұл деңгейлі білімді бірінші рет алса.Мемлекеттік білім тапсырысына сай конкурс негізінде шетел азаматтарына жоғары оқу орнынан кейін тегін білім алуды Қазақстан Республикасының халықаралық келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.

PhD докторантураға қабылдау қашан жүзеге асырылады?

Әр жыл сайын PhD докторантураға түсу үшін өтініш  20 маусымнан 20 шілдеге дейін,  кіріспе емтихандар тамыздың 1-нен 20 –сы аралығында қабылданады. 

 PhD докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет?

1) Ұйым жетекшісінің атына өтініш;

2) отандық немесе шетелдік ғылыми жетекшінің келісімімен  негізделген жоспарланған диссертациялық ұйғарымы;

3) жеке куәлік көшірмесі;

4) білім алу туралы  құжаттың көшірмесі ;

5) бағдарлама бойынша тест тапсыру жөнінде сертификат көшірмесі (4 пункт ережесінде көрсетілген );

6) ғылыми және ғылыми –әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса);

7) 3x4  өлшемді  фото  (6)дана

8) 086-У формасындағы медициналық анықтама;

9) кадрлар есебі жөнінде жеке парақша және еңбек қабілетін дәлелдейтін құжат (еңбек өтілі бар азаматтар үшін);

10) қағаз скоросшиватель

11) құжаттар тізімі

12) барлық құжаттар нотариуспен бекітілуі қажет ;

Жоғарыда айтылған  құжаттардың көшірмелерімен бірге  тексеру үшін  түпнұсқа ұсынылады.Тексеруден кейін түпнұсқалар қайтарылады. 

 
PhD докторантураға түсу кезінде қандай емтихандар тапсырылады?

Қазақстан Республикасының  азаматтарына және азаматтығы жоқтарға кіріспе емтихандар (шетел азаматтарынан басқа ): 

1) 1 шетел тілі  таңдау бойынша (ағылшын , француз, неміс тілдері);

2) мамандық бойынша.

Кіріспе емтихандар мемлекеттік,орыс және ағылшын тілдері бойынша Ұлттық тест орталығымен жасалған және ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілген.

Шетел азаматтарына кіріспе емтихандарды тапсыру кезінде қандай да бір ерекше талаптар бар ма?

Докторантураға түсетін шетел азаматтары кіріспе емтихандарды  тапсырады:

  1. - Мемлекеттік тіл және орыс тілі бойынша  (оқу тілі); 2
  2. - Мамандық бойынша.
 Семей қаласының PhD докторантурасына есепке қай уақытта алынады?

PhD докторантураның қатарына  Семей қаласының ММУ қабылдау комиссиясымен тамыздың 20-нан 31-не есепке алынады. Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша білім алуға  кіріспе емтиханның қорытындысы негізінде 150 баллдан төмен емес  жинағандар 100 баллдық шкала бойынша бағаланады.

Ғылыми жетекшілік Семей қаласының ММУ  PhD докторанттарымен жүзеге асырылады.

  • - Бір ғылыми жетекші  Семей қаласының ММУ
  • - Серіктес елдерден келген шетелдік кеңесші

Ғылыми жетекшіге қойылатын талаптар:

Университеттің  штаттық қызметкері болуы керек.

  • - Ғылыми докторлық дәрежесі немесе ғылым кандидаты болуы керек
  • - Докторантураның профиль бағыты бойынша басылым саны 5-тен  кем болмау қажет

Шетелдік кеңесшілерге қойылатын талаптар:

  • - Философия бойынша ғылыми доктор(PhD дәрежесі болуы қажет сәйкес мамандыққа немесе профиль бойынша доктор.
  • - Докторантураның профиль бағыты бойынша халықаралық рейтингті  журналдарда жоғары импакт-фактормен 5 тен кем емес басылымдары болуы;
  • - Халықаралық аккредитацияны өткен,жаңа материалдық –техникалық базасы бар және халықаралық ақпараттық жүйеге,кітапхана фондына   рұқсаты бар шетелдік жетекші оқу немесе ғылыми мекемесін ұсыну;

PhD докторантурада оқытудың қандай қосымша  мүмкіндіктері ұсынылады ?

PhD докторантурада оқу терең білім алу ғана емес, ғылыми салаға сәйкес  ғылыми доктор дәрежесін  және  ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша қосымша гранттарды алуға  және жетекші  шетелдік жоғары оқу орындарында біліктілікті жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Ph.D докторлық бағдарламаны жүзеге асыруда Семей қаласының ММУ қандай жетістіктері бар

Ph.D докторанттардың жетістіктері

PhD докторлық бағдарламасының негізгі компоненті болып ғылыми сынақ мерзімі болып табылады.Докторанттарға  диссертация үшін теориялық және тәжірибелік материалдарды жинақтауға,тәжірибемен алмасуға,шетелдік әріптестердің  алдында өзінің ғылыми зерттеулерін ұсынуға,сондай-ақ өзінің басылымдарының қорытындыларын шығаруға,ғылыми конференциялар мен симпозиумдарда баяндамаларын қорғай алады.

Ғылыми сынақ мерзімін өту ғылыми кеңесшінің жетекшілігімен, бюджеттің қаржылық есебінен, серіктес жоғарғы оқу орындарымен жасалған келісім-шарттың негізінде жүзеге асады.Докторанттардың шетелдік серіктес жоғары оқу орнында болу мерзімі 3 айға созылады. 

Қазіргі кезде Семей қаласының ММУ жетекші жоғарғы оқу орындарымен  докторанттардың   ғылыми сынақ мерзімі  өтуі  бойынша  келісім-шартқа  отырды.Бұл университеттердің қатарында Нагасаки Медициналық университеті (ХИБАКУШ аймағындағы халықаралық ғылыми ақпараттық жүйесімен алмасу),Жапония;Хиросима Медициналық факультеті,Жапония;Ұлттық обыр институты,АҚШ; ParkwayCollegeofNursingandAlliedHealth,Сингапур; Тель-Авива университеті, Израиль; Ритсюмейкан Азия -Тынық мұхит университеті,Беппу қаласы, Жапония (Қос дипломды бағдарлама туралы келіссөз),Ұлттық обыр орталығы,Корея; Обнинск қаласының Ресей медициналық ғылым академиясының медициналық радиология орталығы ;Горький атындағы Донецк ұлттық медициналық орталығы; Е.Н.Мешалкин атындағы Новосібір ғылыми-зерттеу патологиялық қан айналымы институты ; LanguagesInternationalltd, NewZealand; Семмельвейс университетінің орталық менеджмент қызметімен келісім-шарт, Будапешт қаласы ,Венгрия; «Ашық Сібір университетінің»білім және ғылым ұйымының Ассоциациясына кіру. Бұған Ресей мен Қазақстан елдерінің  20 жетекші жоғарғы оқу орындары кіреді(қыркүйек 2010 жыл); SmileOrangeLtd, Италия; Manav Bharti Rana University (Индия). 

 


Байланыс:

Бағым Джобалаева 

Тел.: 87222 (522094) (1091)

E.mail . nauka_sgmu@mail.ru