Басты бет » Семей қаласының Мемлекеттік Медицина университеттің әкімшілігі

Семей қаласының Мемлекеттік Медицина университеттің әкімшілігі

Семей қаласының ММУ ректоры 

Жүнісов Ерсін Тұрсынханұлы  

Қабылдау уақыты: апта сайын 

сейсенбі, бейсенбі  16.00 -  18.00 

1974 ж. туған, медицина ғылымдарының докторы, «Қоғамдық денсаулық сақтау/ әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» және «травматология және ортопдия» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаттағы дәрігер.

1997 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясының емдеу факультетін үздік дипломмен бітірген.   2013 жылы   Қазақ  гуманитарлық – заң инновациялық университетін экономика мамандығы бойынша бітірген. Негізгі шет елде біліктілігін арттыруы (2010, 2011, 2012, 2014 жж)  Saint-Louis University (АҚШ. Миссури штаты) «Health management general director selected as a honorable member» бойынша өткен.

1997-2000 ж.ж. Семей мемлекеттік медицина академиясының травматология, ортопедия   және ӘДХ кафедрасының аспиранты;

  2000-2001 жж. ҚР ҚК қатарында қызметте; 

2002-2003 жж. Қазақ мемлекеттік  медицина академиясының травматология, ортопедия және ӘДХ кафедрасының   оқу ісі меңгерушісі;

2003-2006 жж. Қазақ мемлекеттік  медицина академиясының емдеу факультетінің деканының орынбасары;

 2006 -2009  жж.  Травматология және ортопедия ғылыми –зерттеу институтының бөлім бастығы;  

2009-2014 жж.  «Республикалық  жедел медициналық көмек ғылыми орталығы» АҚ-да көптеген жарақаттар бөлімшесінің меңгерушісі, хирургия бөлімінің, ортопедиялық хирургия және коагулопатия бөлімінің басшысы, инновация және ғылым жөніндегі директоры;

2014-2016 жылдың сәуіріне  дейін  Астана қаласы әкімдігі ШЖҚ РМК «№1 қалалық аурухана» бас дәрігерінің инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары;

2016 жылдың сәуірінен 2016 жылдың қазанына дейін ШЖҚ РМК «Семей қ. мемлекеттік медицина университеті» стратегиялық әріптестік және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры;

2016 жылдың қазанынан 2017 жылдың мамыр айына дейін  Астана қаласы әкімдігі ШЖҚ РМК «№1 қалалық аурухана» көптеген жарақаттар және қалпына келтіру ортохирургия орталығының басшысы;

2017 жылдың мамырынан 2017 жылдың тамыз айына дейін Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің стратегиялық әріптестік және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, ректордың міндетін атқарады.

2017 жылдың тамыздан қазіргі уақытқа дейін Семей қаласының Мемлекеттік Медицина университетінің ректоры 

Қазақстан Республикасында жеке өзімен 80 аса денсаулық сақтау саласыда  инновациялық технологияларды және ауруханалық менеджментте заманауи концепцияларды ұйымдастыруды енгізді, бірнеше рет шетелдік жетекші ғалымдармен және ұйымдастырушыларымен шеберлік –класстар, тәлімгерліктер ұйымдастырды.

 Қазақстанның көптеген ірі клиникаларында емдеудің заманауи концепциялары мен технологияларын  алғышқы рет енгізді және ұйымдастырды, атап айтқанда:

-  ТМД мемлекеттерінде және Қазақстанда алғашқы рет ауыр жарақаттар кезінде  (соның ішінде жаппай автожол, өндірістік жарақаттар кезінде) пациенттерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек үшін «damage control» заманауи концепциясын енгізді;

- Қазақстанда алғашқы рет жамбас сүйектері, омыртқа, ұзын түтікше сүйектер сынықтарын, буынішілік сынықтарды, жарақаттарды емдеудің жабық азинвазивті технологияларын енгізді;

- Орта Азияда және Қазақстанда алғашқы рет гемофилиямен ауратын пациенттердің ірі буындарын эндопротездеу бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастырды;

 - Орта Азияда және Қазақстанда алғашқы рет мамандандырылған «остеоонкология» яғни тірек –қимыл жүйесінің қатерлі және қатерсіз ісіктерін емдеу бөлімшесін ұйымдастырды;

-  Қазақстанда алғашқы рет халықаралық байланыстарының және әріптестерінің арқасында белсенді түрде АҚШ, Оңтүстік Корея, Түркия және ҚХР ірі Университеттік клиникаларында дәрігерлердің және орта медициналық қызметкерлердің оқуын (тағылымдамасын) ұйымдастырды;

-  Қазақстанда алғашқы рет дәрігерлік қызметкерлердің күнделікті тәжірибесінде (таңертеңгілік жоспарламалар өткізу, талқылаулар және т.б.) және ЖОО резиденттер мен студенттерін оқыту технологияларына ағылшын тілі арқылы оқытуды ұйымдастырды және енгізді;

-  Қазақстан Республикасы ДС министрлгі «Денсаулық -2016-2019»  бағдарламасының аясында алғашқылардың бірі болып Семей  мемлекеттік медицина университетімен АҚШ-тың Сент-Луис университеті арасында стратегиялық серіктестікті енгізді;

-  Үнемі шет ел ғалымдарымен тәжірибе алмасу арқылы және ғылыми –зерттеу жұмыстарының нәтижелерін халықаралық  деңгейде  Германия, ҚХР, Польша, Ресей елдерінде баяндамаларымен негіздеді.

Өнертабыстыққа   22 патенталды авторы, 1 ҚР инновациялық патенті, 8 әдістемелік нұсқаулықтар, 170 астам ғылыми мақалалар, алдыңғы қатарлы мақалалары Жапонияда, АҚШ-та, Ресейде, Украинада жарияланған. 

Емдеу және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері бойынша алыс және жақын шетелдерде халықаралық конференцияларға үнемі қатысады және баяндамалар жасайды.

 Е.Т. Жүнісовтің жетекшілігімен 1 ғылым  докторын және 2 ғылым кандидатық диссертация қорғауға дайындалған.  ҚР БҒМ және ДСМ гранты бойынша 2 ғылыми –техникалық бағдарламаларды орындаушы.

 Көп  жылғы адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен, «Нұр-Отан» партиясының Алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі» және  «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, Ұлттық Медициналық Холдингінің «Үздік дәрігер зерттеуші» Құрмет грамотасымен, «Ортопедия және травматология саласында диагностика мен  емдеуде  инновациялық технологиялар»  енгізген жүйелері үшін «Әлеммен танылған Қазақстан» номинациясында «Жыл патриоты» Құрмет грамотасымен (2013) марапатталған.

 Үйленген, ұлын тәрбиелеуде. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін  еркін игерген.

  


Оқу –әдістемелік және тәрбие жұмысының проректоры

ЖҮНІСОВА АЙГҮЛ БІТІМБАЙҚЫЗЫ

Жүнісова Айгүл Бітімбайқызы 1969 жылы туған.  1992 жылы Семей мемлекеттік медицина институтының  педиатрия факультетін тамамдады

Жоғары медициналық  білім беру жүйесінде 1994 жылдан қызмет етеді.   1994 жылы «Педиатрия» мамандығы бойынша клиникалық ординатураны бітірді. 1994 жылдың қыркүйегінен Семей мемлекеттік медицина институтының   факультеттік, содан кейін госпиталды педиатрия  кафедрасы ассистенті болып қызмет етті. 1996 жылдың сәуірінде    Ана мен баланы қорғау Республикалық Орталығындағы медициналық генетика жұмыс орны зертханасында дәрігер-генетик  ретінде тағылымдамадан өтті. Дәрігер- педиатр сертификаты бар.

2004 жылдың қаңтарында «Семей қ.балалардың медико –генетикалық сипаттамасы» тақырыбы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты  дәрежесіне ізденуге  диссертация қорғады. 2006 жылдың шілде- тамызында Хиросима Университетінің радиология және биология Институтында  молекулярлық – генетикалық әдістемелерге оқыту  (PCR, SSCP)  өтті.  1998-2000 жж. –«Ерте диагностика және болжамды жақсарту әдісін әзірлеу үшін балалардағы гемабластоздың клиникалық және цитогенетикалық өзгешіліктері жиілігін зерттеу» тақырыбындағы ҚР ҒА Грантының   ізденушісі.

 2004 жылдан 2006 жылдарында «Семейполигоны аумағында тұратын балалардың денсаулығының жағдайы және экология» 009 ҚР ДСМ Ғылыми – техникалық жоба  бірге орындаушысы.

2007 жылы ҚарММА «Медицина білім берудегі инновациялық технологиялар» оқудан  өтті. 2008 жылғы мамырда ҚазММА  базасында көшбасышылық  сұрақтар  бойынша халықаралық семинарда білім алды.

2004 жылдың қазанда  ҚР білім және ғылым Министрлігінің жас және дарынды ғалымдар үшін Мемлекеттік стипендиясының иегері. 2011 жылы желтоқсанда А.Б. Жүнісова  «Денсаулық сақтау үздігі» марапатталды.

2005 жылдың қараша-желтоқсан айларында медициналық білім сұрақтары бойынша Тель-Авив университетінің (Израиль) Медициналық факультетінде әдіскер ретінде  біліктілігін жоғарылатқаннан кейін  және 2006 жылы мамыр–маусым айларында медициналық және фармацевтік білім беру ұйымдары сұрақтарымен белсене айналысты. Медициналық және фармацевтік білім беруді реформалау  Концепциясын  іске асыру аясында енгізілген 2006 жылдың МЖББС бірге әзірлеушісі, ҚР медициналық ЖОО ОӘК мүшесі болды.

Медициналық және фармацевтік білім беруді дамыту  Концепциясы жобасын әдістеуге қатысты, «Қазақстан денсаулық сақтау секторында технологияларды беру  және институционалды реформа жүргізу» Халықаралық банкі жобасын іске асыру аясында жұмыс тобының мүшесі болды.

А.Б. Жүнісова әр жылдары ҚазММА Мемлекеттік аттестаттау бойынша комиссия  құрамында жұмыстар атқарды (2007 маусым), ОҚММА (2008 мамыр), С.Д. Асфендияров атындағы ҚазММУ (2008 желтоқсан), Денсаулық сақтау Минстрлігінің 2006 МЖББС 1 курс студенттерін қабылдауға дайындығы комиссия  құрамында болды, ҚРМУ интерндерін аттестаттау және М. Оспанов атындағы БҚМУ лицензиядан кейінгі бақылау бойынша жұмыстар атқарды.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында және шетелдерде оқудан өтті (Израиль, Жапония, Дания,  «Қазақстан денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалды реформа жүргізу» жобасы бойынша  денсаулық сақтау Министрлігіндегі семинарлар. 95 аса  басылымдар авторы.    2006 жылдың қыркүйегінен 2007 жылдың сәуіріне дейін инновациялық технология және білім сапасын бақылау бөлімінің бастығы болды. 2007 жылдың 1 сәуірінен 2012 жылдың қыркүйегіне дейін СММУ Оқу әдістемелік орталығының бастығы қызметін атқарды. 2012 жылдың 10 қыркүйегінен – оқу –әдістемелік және тәрбие жұмысының проректоры.


 

Ұйымдастыру және экономикалық жұмысының проректоры 

Барсуков Андрей Сергеевич

Андрей Сергеевич Барсуков 1982 жылы 30 шілдеде дүниеге келген. 2003 жылы Астана қ. Қазақ Мемлекеттік заң университетінің "Юриспруденция" мамандығы бойынша бакалавриатты бітірген, біліктілігі "заңгер".

01.07.2004 жылдан "Семей мемлекеттік медицина академиясы" РМК заң кеңесшісі болып қызмет етті.

01.09.2008 жылдан - қосалқы жүктемемен мемлекеттік сатып алулар маманы қызметінде.

01.10.2012 жылдан осы уақытқа дейін "Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті" ШЖҚ РМК құқықтық қамтамасыз ету бөлімі бастығы қызметінде.

Оның басшылығымен азаматтық-құқықтық, еңбек келісім шарттары әдістелді. Құқықтық сипаттағы құжаттарды әдістеуге қатысушы: бұйрықтар, өкімдер, келісім шартты, қаржылық және еңбек тәртібін нығайту бойынша іс -шараларды жүзеге асырудағы, мүлікті сақтауды қамтамасыз етудегі құқықтық сипаттағы хаттар. 

ҚР азаматтық, әкімшілік, қаржылық, еңбек заңнамасын жақсы біледі; сотта өнеркәсіп мүдделерін сотта білдіру; мемлекеттік билік органдарының және өнеркәсіптің барлық жеке меншік формаларын; өнеркәсіп қызметінде шығатын құқықтық сұрақтар бойынша қорытындылар, пікірлерге түсетін нормативтік актілер жобаларын даярлау.

Университеттегі жұмысы кезінде біліктілігі арттыру бойынша мынадай сертификаттары бар:

- сертификат - сапа менеджменті жүйесі аудиторы ISO - 9001-2000;

- "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы негіздері" тақырыбы бойынша "Алсем - Астана" ғылыми-әдістемелік орталық сертификаты

- "Мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде жоо өзін өзі бағалау есебін даярлау" білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша Тәуелсіз агенттік сертификатты

- сертификат "Медициналық білім беру менеджментіндегі көшбасшылық"

- сертификат "Қазақ тілі курсы"

- сертификат ИСО 9001, ИСО 19011-2011 халықаралық стандарттары талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесі бойынша ішкі аудиторларды даярлау"

- сертификат "2015 жылы мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және бақылау"

- сертификат "Мемлекеттік сатып алулар саласындағы ҚР заңнамасы"

- сертификат "Мемлекеттік сатып алуларды заңнамалық реттеудегі өзгертулерді шолу және зерделеу"

- сертификат "2016 жылы 2015 жылы мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және бақылау"

- сертификат "Ұжымдық басқару негіздері"