Тэгтар

«Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - ректоры лауазымға үміткерлердің құжаттарын іріктеуді жүргізу туралы хабарландыру

«Семей медицина университеті»  коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - ректоры  лауазымға үміткерлердің құжаттарын іріктеуді жүргізу туралы хабарландыру

Лауазымның атауы:  «Семей медицина университеті»  коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «СМУ» КеАҚ) Басқарма төрағасы - ректоры 

Жұмыс орны: Қазақстан Республикасы, 071400, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 103-үй.

Есеп береді: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі.

 

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:

1) білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілермен көзделген оқыту нысандары бойынша медициналық және фармацевтикалық білімі бар жоғары білікті мамандарды даярлау;

2)  магистратура, резидентура, докторантурада жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау;

3)  денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін, сондай-ақ жоғары білікті ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру;

4) негізгі қызметтің барлық бағыттары бойынша шетелдік ұйымдармен тікелей шарттар және келісімшарттар жасасу, ғалымдар мен мамандардың уақытша ұжымдарын қалыптастыру, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдардың қызметіне қатысу;

5) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның атынан жасалатын халықаралық келісімдер бойынша, халықаралық қоғамдық және басқа да ұйымдардың бағыттары бойынша жасалған халықаралық келісімдермен, сондай-ақ шет елдердің жоғары оқу орындарымен және шетелдік азаматтармен жасалған шарттар мен келісімшарттар бойынша жүзеге асырылатын шетелдік мемлекеттердің азаматтарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру.

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Семей медицина университеті»   коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - ректоры бос лауазымына іріктеуді жариялайды.

Әңгімелесу өтетін орны мен күні: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі.

 

Құжаттарды шетелдік азаматтарды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін бұрын жауапқа тартылмаған және келесі біліктілік талаптарына сәйкес келетін барлық тілек білдірушілер бере алады:

1. Міндетті түрде:

1) жоғары медициналық білім;

2) «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» мамандықтары бойынша магистр немесе PhD докторының (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуды аяқтаған тұлғалар үшін) немесе МВА білім беру кәсіптік бағдарламасы бойынша магистрдің немесе медицина саласындағы ғылыми дәрежесінің болуы;
    3) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарында басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

2. Мүмкіндігінше:

1) ғылыми немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 10 жыл (шетелдік азаматтар үшін - оның ішінде беделді халықаралық рейтингтерге кіретін университеттерде кемінде 5 жыл);

2) ағылшын тілін және мемлекеттік немесе орыс тілін еркін меңгеруі;

3) ғылыми жетістіктердің болуы – Scopus және Web of Science деректері бойынша Хирша индексі-10 кем емес;

4) халықаралық кәсіптік бірлестіктерге мүшелік (медициналық білім беру немесе менеджмент саласында);

 

 Үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы қажет:    

1) университеттің даму бағдарламасын;

2) мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) біліктілікке қойылатын талаптарға сәйкестігін құжаттамалық растау;

5) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;

6) кәсіби даярлық деңгейіне қатысты өзге де құжаттар.

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15  күннің ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс:

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі, 5-кіреберіс. Анықтама үшін телефон: 74-32-99, 74-36-86, электрондық мекенжайы ai.rakhimova@mz.gov.kz

 

 Ескертпе. Алдын ала іріктеуден өткен үміткерлер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде әңгімелесуден өтеді.

Жарияланды: 2019-02-22, 06:06 PM

Тэгтар:

Коментариев еще нет