Тэгтар

«Үздік студент-2018»

«Үздік студент-2018»

2018 жылдың 27 сәуірі күні Астана қаласында республикалық «Үздік студент» жобасының аясында «Келісімдер көпірі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен республика бойынша 2018 жылдың үздік студенттерін марапаттау рәсімі өтті. Марапатқа ие болғандар арасында Семей Мемлекеттік Медицина Университетінің 6 студенті бар. Олар: «Жалпы медицина» мамандығының 5-курс студенті Амантаева Алия Еркінқызы мен Манарбекова Тоғжан Манарбекқызы, 4-курс студенті Социалов Төрегелді Мақсатұлы, 2-курс студенттері Ринатова Камилла Ринатовна мен Жаныбеков Ерасыл Талгатович, «Фармация» мамандығының 1-курс студенті Ертаев Асылхан Асылбекович.

Бұл студенттердің есімі республикалық үздік студенттердің «Жас қыран» кітап коллекциясының 1-нөміріне енгізілді. Шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, ҚР еңбегі сіңген қайраткері, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры Жандарбек Мәлібеков, педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР Білім және ғылым Министрлігінің  «Мемлекет тарихының институты»-ның бөлім басшысы Қалиев Жабай Нұрмақұлы, тағы да басқа мемлекет қайраткерлері қатысты. Сөз барысында бұл сынға барлығы 500 студент қатысуға ниет білдіріп, соның тек 130 марапатталатыны белгілі болды. Еліміздің білімде, спортта, өнерде үздік студенттерін анықтау мақсатында өткізілген бұл шара «Үздік студент-2018» төс белгісі мен арнайы куәлікті, «Жас қыран» кітап қоллекциясын, сондай-ақ, алғыс хат табыстаумен өз жалғасын тапты. Жастарға марапаттарын табыстаған Жандарбек Мәлібекұлы өскелең ұрпаққа өз батасын берді.

Осындай шараға қатысуға мүмкіндік берген Кәсіподақ ұйымының төрағасы Смаилов Нұрбек Саденовичке алғысымызды білдіреміз.

Ринатова Камилла Ринатовна, Жаныбеков Ерасыл Талгатович, «Жалпы медицина» мамандығының шетел бөлімінің 240 -топ студенттері 

Жарияланды: 2018-05-02, 10:37 AM

Коментариев еще нет