Тэгтар

Интеграциялық сабақ

Интеграциялық сабақ

13.04.18 күні қазақ және латын тілдері кафедрасында оқытушы Б.А.Жоргатаева 146 шетел тобына қазақ тілі пәнінен «Адамның дене мүшелерінің қызметі» тақырыбына  анатомия кафедрасының оқытушысы Я.Н.Милюшинамен бірігіп интеграциялық сабақ өткізді. Сабақ барысында  студенттер дене мүшелері атауларын қазақ, латын тілдерінде айтып дағдыланды. Әр мүшенің  қызметіне қатысты етістіктерді меңгерді. Тақырып бойынша сұрақ-жауап, аударма жұмыстары, суреттермен жұмыс, жағдаяттық тапсырмалар орындалды. Студентттер тарапынан белсенділік байқалып, қызығушылық танытылды. Сабақ соңында кері байланыс алынды.

 

Қазақ және латын тілдері кафедрасының оқытушысы Б.А.Жоргатаева

Жарияланды: 2018-04-13, 07:34 PM

Коментариев еще нет