Тэгтар

«Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша қысқы емтихан

«Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша қысқы емтихан

Қаңтар айының 5 мен 9  аралығында «Жалпы медицина» факультеттерінің  студенттері    «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша қысқы емтихан тапсырды. Осы оқу жылынан бастап емтихан қабылдаудың жаңа жүйесі енгізілді. Бұл жүйе бойынша студент емтихан билетіндегі 3 сұрақты 3 мұғалімге және тәжірибелік дағдыларды 4-ші мұғалімге тапсырды. Әр студентте жеке коды болды және жауап парағында өзінің аты - жөнін жазбауы тиіс, емтихан қабылдаушыға жауап берген кезде алдыңғы сұрақтан алған бағасын көрсетпеуі қажет.  Біздің емтиханға ата аналар комитетінен бір ата ана қатысты. Емтиханды 4 оқытушы қабылдады, 1-ші сұрақ бойынша емтиханды Самарова У.С. қабылдады, 2-ші сұрақ бойынша Нұрмұқанов Д.К., 3-ші сұрақ бойынша Калбагаева Ж.Е., тәжірибелік дағдыларды Мукушева А.А. қабылдады. Емтихан үш тілде қабылданды қазақша, орысша және ағылшынша. 

Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы. 

Жарияланды: 2017-01-11, 09:41 AM

Коментариев еще нет