Тэгтар

ДДББ ДЕКАНАТЫ БОЙЫНША ҚЫСҚЫ СЫНАҚ-ЕМТИХАНДЫҚ СЕССИЯ БАРЫСЫ

ДДББ ДЕКАНАТЫ БОЙЫНША  ҚЫСҚЫ СЫНАҚ-ЕМТИХАНДЫҚ СЕССИЯ БАРЫСЫ

Дипломға дейінгі білім беру деканаты бойынша желтоқсан айының 20 мен 30 аралығында кредиттік оқу жүйесі бойынша мамандықтарда, қаңтар айының 5 мен 16 аралығында «Жалпы медицина» мамандығы мен "Стоматология" мамандықтары бойынша қысқы сынақ-емтихандық сессия басталып, емтихан кестесі бойынша арнайы басшылық тарапынан бақылау кестесі құрылған болатын. Сынақ-емтихандық сессияны бақылау комиссиясының құрамында: оқу және тәрбие жұмысы бойынша проректор Жунусова А.Б., оқу-әдістемелік орталығының басшысы Смаилова Ж.К., оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Камалиева А.З, тіркеуші-офисінің басшысы Мустафинова О.А.; ата-аналар Кеңесінің мүшелері: Садыков Р.Р., Астаева М.Б., Шагамбаева Б.К., Оразбеков Естай; студенттердің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері: Шакантаева Назерке (ҚДС, 4  курс), Омаркулова Жанипа (фармация, 4 курс), Бегимова Мадина (МПІ, 4 курс); ДДББ деканаты қызметкерлері: декан – Оразалина А.С., декан орынбасарлары: Уразалина Н.М., Садыкова Л.К., Табулдинова Г.Н., Жылкыбаева А.Ш., Пак Л.А., Дүйсембаева А.С.; әдіскерлер: Абдулина Г.Б., Абилкасимова А.М., Кулмагамбетова Г.Д. емтихан барысын бақылап, қадағалау жүргізуде.

Бірқатар кафедраларда емтихан ауызша емтихан қабылдау үрдісіне енгізілген израильдік «тәуелсіз емтихан қабылдау» әдісі бойынша жүргізілуде. Атап айтатын болсақ, «тәуелсіз емтихан қабылдау әдісі» бойынша қазақ және латын тілдері кафедрасы қазақ тілі пәнінен (тәуелсіз емтихан қабылдаушы - Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінің қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасы меңгерушісі, п.ғ.к, доцент Қ.Қ. Мұқанова қатысуымен), Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы және ЖББ пәндер кафедрасында қазіргі заманғы Қазақстан тарихы және Философия пәнінен, қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында қоғамдық денсаулық сақтау пәнінен, химия және биохимиялық пәндер кафедрасында химия пәнінен, физиологиялық пәндер кафедрасында физиология  және патологиялық физиология пәнінен, тағамтану және гигиеналық пәндер кафедрасында тағамтану гигиенасы және еңбек гигиенасы пәндерінен, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пәндерінен емтихан қабылдануда.

Емтиханддарға бақылаушы комиссия мүшелері қатысып, оның өту барысын бақылап отырды.  

Израильдік «тәуелсіз емтихан қабылдау әдісі» тәжірибеде қолдану кезінде төменде көрсетілген тиімді жақтарын анықтауымызға болады:

  • студенттің білімін әр оқытушы жеке тыңдап бағалауы арқылы студенттің шынайы білімін көруге болады;
  • әр студент жауабының таңбалануы;
  • білім алушыға қорытынды бағаны хатшы есептеп көрсетуі арқылы студенттің шынайы білімін анықтаймыз және коррупцияның алдын алуға болады;
  • уақыттың үнемділігі.

ДДББ деканы орынбасары Л.К. Садықова

 

Жарияланды: 2017-01-10, 11:26 AM

Коментариев еще нет