Тэгтар

«Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы»

«Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы»

Абай  атамызды  танымайтын  қазақ  жоқ  шығар, сірә! Тек  қазақ  халқы  ғана  емес  басқа  шетел  халықтары да  мойындаған. Абайды  айтумен  біз  қазақтың  бар  болмысын  танып  білеміз. Еліміздің  ұлы  тұлғасының  аты  қазақ  жерінде  ғана емес, дүниенің төрт  бұрышына  жайылған. Абайдың  данышпандылығы  мен  ұлылығы  қазақ  мәдениетін   әлемге  танытқан  асыл  мұрамыз  болып  табылады. 

222-ші топ студенттері – «Абайтану» ұйымының белді мүшелері.  25-ші қарашада Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті «Абайтану» ұйымы мен  жалпы медицина факультетінің 222, 226-шы топтарының бастауымен қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұлама, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармаларын жатқа мәнерлеп оқитын таланттар арасындағы «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» атты сайыс ұйымдастырды. Сайыс қалалық деңгейде өткізілді.      

Сайысымызға Семей қаласының мектептері, колледждері мен университеттерінен сайыскерлер жиналды. Сайыскерлер  үш кезең бойыншы жарысып, бар күштерін салды. Бірақ сайыс болған соң, бұл тартысты да, таласты мықтылар  аламанында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар ғана жеңіс шыңына шықты.

 Жұмыла көтерген жүк жеңіл, - демекші, сайысымыз ұйымшылдықтың арқасында өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мәнді де сәнді қылып өтілді. Университетімізге келген қадірлі қонақтар мен сайыскерлеріміз осындай жоғары деңгейде ұйымдастырылған сайысқа қатысқандарына ризашылығын білдіріп, 222-ші топ студенттеріне және «Абайтану» ұйымына алғыстарын білдірді.

Біз Қазақстанның барлық халқы үшін сапалы медициналық білім беретін Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті студенттері, болашақта халыққа сапалы медициналық көмек көрсететін білікті де,  білімді дәрігер маман болатынымызға сеніммен қараймыз!

 

 

 

Физиологиялық пәндер кафедрасы

Топ жетекшісі -  Сәуле Орынғазықызы Рахыжанова

222 және 226-ші топ студенттері.

Жарияланды: 2016-12-29, 02:02 PM

Коментариев еще нет