Тэгтар

ЕРЛЕРІМІЗ ЕРЛЕДІ!

ЕРЛЕРІМІЗ ЕРЛЕДІ!

21 желтоқсан күні Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына орайластырылған клубтық командалар арасындағы Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясының кубогы өтті!. Федерация кубогына еліміз бойынша тоғыз клубтық команда қатысты. Олардың қатарында қазақ күресінен мамандандырылған мемлекеттік және жеке спорт клубтары бар. Бекітілген регламент бойынша жарысқа 18 жасқа толған балуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 келіге дейінгі және 100 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша клуб сапында қатысты. Турнир «бетпе-бет» олимпиадалық схемасы бойынша өтті.

Кубоктың жалпы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрады. Бұл еліміз бойынша жүлде қорының қомақтылығы жағынан алғашқы үштікке кіретін жоба болып есептеледі.  1 орын - 10 000 000 (он миллион) теңге   2 орын - 6 000 000 (алты миллион) теңге   3 орын - 4 000 000 (төрт миллион) теңге.

Клубтық командалар арасында өткен турнирде «Қазақстан Барысы» мен «Еуразия Барысы» турнирі арқылы көпшілікке кеңінен танымал балуандар өз аймағының намысын қорғады. Мысалы, Жамбыл облысынан – қазақ күресінен Әлем чемпиондары Айбол Айтбек, Дәулет Пахриденов күш сынасты. Біздің Семей қаласынан былтырғы өткен Кубок жеңімпаздары – Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов, Айдос Сейпілұлы сынды балуандар қатысты. Олар Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Спорт Клубы атынан, біздің уинверситетіміздің ректоры Т.К. Рахыпбековтың қолдауымен шаршы алаңға шығып, жүлделі 2 орынды иеленді.

Біздің мақтан тұтар азаматтарымызды  барлық университет ұжымы мен жалпы медицина мамандығының 114, 110 және 102 топтары  қарсы алуға бардық. Біз осындай ерлерімізбен мақтанамыз, өйткені кейінгі ұрпақ алдыңғы ағаларымызға қарап, бой түзейді. Барлық жеңімпаздарды құттықтай келе, оларға зор денсаулық, қажымас қайрат тілей отырып, әлі талай биіктерден көрінетіндеріне нық сенімдеміз!

 

Жалпы медицина мамандығының  114 топ

студенттері: Болатжан Март, Қанат Балым.  

 

Жарияланды: 2016-12-28, 11:37 AM

Коментариев еще нет