Тэгтар

«БӘРІ ДЕ РАХМЕТ ҮШІН» АТТЫ АКЦИЯ

«БӘРІ ДЕ РАХМЕТ ҮШІН» АТТЫ АКЦИЯ

2016 жылдың 15 желтоқсан күні Университетіміздің студенттері қаламыздағы «Бәрі де рахмет үшін» атты дүкенге қолдау көрсету мақсатында студенттеріміздің қайырымдылыққа жинаған киім-кешек, ойыншық, сабақ құрал-жабдықтарын т.б апарып, тапсырып қайттық. Студент жастармен бірге  декан орынбасары – Л.К. Садыкова, жастар ісі бойынша маман К.С. Толеубаева, және оқу-тәрбиелік жұмыстары бойынша студенттік проректор - Қайларов Айбын және студенттердің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері болды.

Бұл дүкеннің ерекшелігі - мүгедектер және жетімдер үйінің балалары, жалғызбасты аналар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар, көпбалалы отбасылар өздерінің балаларына қалаған киімдерін тегін «Рахмет!» деген бір ауыз сөз айтып, алып кете алады. Осындай әлеуметтік дүкендерге қайырымды жастарымыз өздері көптен қолданбай жүрген, әлеуметтік тұрғыдан қажетінше қолдау көрсету мақсатында тұрмыстық киім-кешектерді, тіпті кішкентай балаға арналған ойыншықтарға дейін жинап өз үлестерін қосты. Тәрбиелік мәні зор, жастарды қайырымдылыққа, өз елінің әрбір азаматына қолдау көрсетуді үйрете отырып, патриоттыққа тәрбиелейтін әлеуметтік акцияларды қолдап отыруымыз қажет. Дүкен иесі жастарға үлкен алғысын білдіре отырып, оқуда үлкен жетістіктер тіледі. Атаулы шараға атсалысқан Семей қ. мемлекеттік медицина университетінің 1 курс студенттеріне үлкен алғыс білдіреміз!

 

«Жалпы медицина» мамандығының 126-топ  студенті

СММУ-нің «Medic-Press» пресс клубының мүшесі:

Баяхметова Зауре

 

 

Жарияланды: 2016-12-22, 09:24 AM

Коментариев еще нет